Айтыс VI том



Pdf көрінісі
бет102/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   162
Аманжол:
моншақтап тер басқанда алқымымды,
Жүйріктей қосушы едім қарқынымды.
Айым, күнім орнында дейсің Әсем,
Арқада әнге басып жарқын үнді.
Айың, күнің орнында болғанменен,
сыпырып кеткен жоқ па алтыныңды.
ұрының арты қуыс нанды ұрлаған,
Алаяққа жол берген балдыр заман.
Жеріңді сатып-сатып ұры күйеу,
ұшақпен ұшып кетті-ау, ...
Қазақстанға ап келіп соттау керек,
ондай күйеу көп бізде алдырмаған.
Алтай мен Жетісуды ата-бабам,
Храпунов жесін деп қалдырмаған.
Әсем қыз, көке қанат сермедіңіз,
Халқымды тәтті әуенмен тербедіңіз.
е, бәсе, қашамын деп қайқаңдамай,
Жөн болар жетегіме ергеніңіз.
ежелден қыз алысып, қыз беріскен,
Құдандалы еді ғой елдеріміз.
Қарқаралы, Шыңғыстау қатар тұрған,
іргелес емес пе еді жерлеріміз.
Құнанбай ұлжанды кеп әкеткенде,
Қосылып кетпеп пе еді жеңдеріміз.
ол аздай Алшынбайдың ділдәсін ап,
...құда түсіп келгеніңіз.
мойыныма алқа тақ деп қояды,
Аз ба еді тобықтыға бергеніміз.
Қашаннан қыз алдында сөзім берік,
Әншейін отырғам жоқ көзірленіп.
тоқтамыстың қызымен айтысқанда,
Асқақтап кетуші едім сезімге еріп.
майысып Айнұр сұлу сұрағанда,
Жолымды кетуші едім өзім беріп.


279
Айтыс VI том
одан зиян көрмейсің Әсем қалқа,
Қасыма келер болсаң өзің желіп.
сыңғырлап алтын, күміс шығып қалар,
Қалтамды ақтарып көр өзің келіп.
Әсем:
Арлан боп аттанғанда алып белден,
сыйыңыз сол ма маған алып келген.
Қыз берсе Қарқаралы Шыңғыстауға,
тектісін тобықтының танып берген.
Алуды білген кезде Құнанбайлар,
Қарымта қайтарар жол тауып келген.
мешіт сап Қарқаралы қаласына,
оның да жақсылығын халық көрген.
үй салып меккеге де қазақ үшін,
Атағы алты алашқа дәріптелген.
тәуелсіз егеменді ұрпақты аңсап,
елінің санасына жарық берген.
Құдамыз Аманжолдай біртүрлі екен,
тобықты көп алды деп қауіптенген.
Құнанбай атам менің ірі екен ғой,
нән мешіт қайынжұртқа салып берген.
Айтыстың басылмаса дүрбелеңі,
Көңілде көктем жырдың гүлдегені.
сал-сері мырзасындай баяғының,
Аманжол сый-құрметті, жүлделі еді.
Келгенде қызды ауылға сал мен сері,
Қалайша жоралғысыз құр келеді.
Қалтамнан өзің келіп ал деп тұрсыз,
Ал, Әсем бара алмай күрмеледі.
Баяғы бабаларым қылған істің,
ойыма түсіп тұр ғой бір дерегі.
Біржан сал шідерінің жоғалғанын,
ләйлімнен көрмеп пе еді іргедегі.
Біржан сал атаң құсап сіз де менен,
даулағалы отырсыз ғой бірдеңені.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет