Айтыс VI том



Pdf көрінісі
бет100/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   162
АМАНЖОЛ МЕН ӘСЕМ
Аманжол: 
ұлтымыз тарих сырын бүгін ұқты,
Көшпелі елдің көтерген жүгі құтты.
Алтын сауыт киініп, атқа мінген,
түркінің сақ дейтұғын түбі мықты.
Жер жаһанды жаулаған ескендір де,
менің бабаларымнан кідіріпті.
Әлемге әмір айтқан Күлтегіннен,
ғаламзат түркі рухын ұғыныпты.
Жәнібек пен Керейдің кезеңінде,
Алғаш қазақ хандығы құрылыпты.
Айбарлы Абылайдың заманында,
Жоңғар-қалмақ тізесі бүгіліпті.
замана хан Кенені өлтірген соң,


272
Қазақ өнерінің антологиясы
түлкінің құйрығындай құбылыпты.
отыз екі, отыз жеті зұлматында,
ұлтымыз ақбөкендей қырылыпты.
иншалла, тәуелсіздік алғаннан соң,
Бақыттың мойны бізге бұрылыпты.
Қалың елім, қазағым, аманбысың,
сақтаған қанындағы ұлылықты.
Азаттық таңы атқанда нұр төгіліп,
еңсемді төмендетпен мұң кеміріп.
Жиырма жылда келеді орындалып,
Жүректе жиырма ғасыр жүрген үміт.
тәуелсіздік мереке құтты болсын,
Бақытына бөленген бірге күліп.
Азаттығың баянды болсын халқым,
Кеткенше аспандағы күн бөлініп.
Көңілден көрікті ойды көркем өрген,
енші алған оғлан едім серке өнерден.
Қыздармен айтысқанда қызынушы ем,
Ақ тұйғын қаз ілгендей ерке көлден.
сүйіншілеп бастайын ұлы тойда,
төбеге ту тіккендей кер төбелмен. 
туғызған текті өлкеден телғараны,
нұрланып Әсем шықты зер жамалы.
Бұғы бел, бөкен бөксе, құралай көз,
төңкерген ай секілді тел қабағы.
Қыз бен жігіт айтысы болады-ау деп,
елеңдеп екеумізге ел қарады.
сал Біржан салтыменен сөз бастайын,
Алтайдың күміс кеуде кер маралы.
Қанша жүйрік болсаң да құтқармаспын,
мен келдім дүбірлетіп кең даланы.
Шайқалып бозжорға аттай жолға түскен,
Бал шырын жыр арнайын толғап іштен.
Ақ түлкідей амалың таусылмай ма,
Шүйілсем қанатымды қомдап үстем.
Көздерің дөңгеленіп кетіпті ғой,


273
Айтыс VI том
үкінің баласындай торға түскен.
Азу тісін ай сүйген арлан едім,
Бүгінгі олжам сенсің қолға түскен.
Әсем:
ой айтса жұрт санасы салмақтанар,
Ақынның ақындығы ардақталар.
менімен айтысуға дайын кепсіз,
Жандай боп жарақтанып жауға аттанар.
сен маған қоқан-лоқы жасай берме,
Жұртым бар мендей қызын қолдап бағар.
Жолбарыс Жүрсін ағам осында жүр,
Арланның азуынан қорғап қалар.
Армысың, қазақ елі, қағанатым,
Жұмаға жұмылдырған жамағатын.
төзімі темір сынды тәубашыл ел, 
сабыры сары алтын боп саналатын.
Көрсе де замандардың ғазауатын,
ғаламға шығармаған жаманатын.
еркін ел болғаныңа жиырма жыл,
Әр күнің ғасырдай боп саналатын.
талабы тау төңкерер ерлерің бар,
тас жұтып тәуекелге бара алатын.
Келгендер таңғалысып таңдай қаққан,
Көргенде Астанамның ғаламатын.
мұстафа Шоқай, тұрар, Әлихандар,
Жан қиса оздырам деп қазақ атын.
тәуелсіз, егеменді халық болдық,
орындап арыстардың аманатын.
Керегін ақмаралдан алған жанша,
Арландар шығып жүр ғой алдан қанша.
талайын сіздейлердің жолға тастап 
Кеткенмін айла-тәсіл қолданғанша.
Көкшеге бір аттасам жетіп барам,
елемей тау мен тасты, орманды онша.
онан соң бір аттасам Баян тауда,
Жүремін, біреулерге ол арман болса.
Әй, қайдам, мені қуып жетпейсіз-ау,


274
Қазақ өнерінің антологиясы
гүлдей ғып баптамасаң бағбандарша.
Жайбасар, ағажан-ау, мінезің бар,
Азулы болсаңыз да арлан қанша.
Алтайға алты-ақ аттап жетіп барам,
ырғалып сен орныңнан қозғалғанша.
Ақандай әуелетіп ән салғанда,
Біржанды көргендей жұрт тамсанар ма.
үкілі бөрік киіп алшаң бассаң,
сәкендей жарасады сән саған да.
Алтайдың ақмаралын қуамын деп,
Қиындық жан-жағыңнан қоршағанда.
малтығып көбік қарға өкпең өшіп,
тып-тыныш өміріңді аңсағанда.
Бекер-ақ мына қызға ілестім деп,
сан соғып, өкінерсіз шаршағанда.
соңымнан сіз жеткенде сүйретіліп,
Алдыңнан аңшы ағалар қарсы алғанда.
терісі бұл арланның жақсы екен деп,
олжа ғып атып алар қансонарда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет