297
Айтыс VI том
Шынберген жұрт біледі беделіңді,
сеземін әзіл сөзге шеберіңді.
сыртыңнан естіп қалдым мына жұрттан,
Бәйгеге ат қосамын дегеніңді.
Бәйгеге ат
қосқаның аз болғандай,
Айтысқа кеп көрсеттің өнеріңді.
Аламанға ат қосу айып емес,
Алла жазса аларсың керегіңді.
Алты алашқа атағың шыққан кезде,
Атыңмен жағаласып не көрінді?!
сескенбен сенің салған атойыңнан,
Аулақпын ережеге жат ойыннан.
еліңіз қолдан келсе көмек берер,
тегіңіз болғаннан соң Жақайымнан.
Бірақ, аға,
сен менен жығылып қап,
Жаза тартып жүрмегін ағайыннан.
намысымды жықтың деп ағайындар,
сүйреп тастап жүрмесін бақайыңнан.
Шынберген:
сөзіңе назарымды аударамын,
санамаймын достардың жауға бәрін.
Ағайын, ақындардың құдығынан
толтырып алсын жырдың қауғаларын.
Жаңағы сөзіңізге берсем жауап,
орнатпайын сөзімнің саудаларын.
Қайтқан
мал дегеніңде шаруам жоқ,
Білемін қайта шапқан жау жаманын.
Келгенде аударысқа, ақтарысқа,
Жетем деп келген жоқпын көп табысқа.
Балам кетті семейге жарыс үшін,
ол бізден жырақ кетті қатты алысқа.
өзім түсіп отырмын бұл айтысқа,
ертең атым дайын тұр ат жарысқа.
Баяғы Жақайымдай асыл бабам,
Бойы да мен секілді боп па қысқа.
Жақайым
қандай болды десеңіздер,
мені көрсетіп жүріңдер мақтанышқа.
298
Қазақ өнерінің антологиясы
Айтайын еліміздің марқасқасын,
Бекарыс тамырымды дәл басқасын.
Кешегі би мен шешен болған сартай,
Астарға қоспап па еді Шалқасқасын.
сөзіңде естіп тұрған байып бар ма,
Бұл Бекең ат қосты деп айыптар ма?
сегіз қырлы,
бір сырлы болып жатса,
Жігітке оған салар айып бар ма?!
Айтатын кезегімнің келді өлеңі,
Шынында маған жақтас ел көмегі.
Бақайымнан шығарып тастап жатса,
Қайта оның туысқан ел дегені.
Анда санда сағынып келген кезде,
сол ма еді Шынбергеннің көрмегені.
Білемін көкпарға ат сен де ұстайсың,
тақымына көк серке өңгерері.
Аударғың
кеп отырса егер мені,
Бәйге ұстаған жетіп көр енді мені.
Қош келдің дейміз, Бәке, түркістаннан,
Біздің жақта ас беру үрдіс қалған.
Айтыс сайын жеңесің жұрттың бәрін,
Аумайсың айтыстағы Шыңғысханнан.
Айтайын, Беке, саған сөзімді енді,
менің де шарықтайтын кезім келді.
Әр сөзіңе жауап беріп отырғанымды,
мінеки, қалың халық көзің көрді.
енді
менің қайнаған қазан құсап,
Қақпағымды лақтырар кезім келді.
Жеңіп кетіп жүресің кіл айтыста,
Бұл өзі сүре айтыс па, түре айтыс па?
Шыңғысхан дегеніме масаттанба,
Қандай жау тап келеді былай тұста.
Шыңғысханды да білесің ажал жеңген,
Жеңілмейтін шара жоқ бұл айтыста.
Бірің іні, біреуің ағасыңдар,
Бірің өктем, біреуің дарасыңдар.
299
Айтыс VI том
Ал, Бәке,
саған сауал қояйыншы,
Асқа кеп жатқан түгел Алашым бар.
Ақшатаудың басына бір бармадың,
Бармағанына сенесің, нанасыңдар.
Бір жерге би мен ханның асы болса,
гүл шоқтарын қоюға барасыңдар.
Жақайым атам солардан кем бе еді,
неге бармай осында қаласыңдар?
Арал жаққа барғанда үйдегілер,
не көрдің десе не деп барасыңдар?
Достарыңызбен бөлісу: