Айтыс VI том



Pdf көрінісі
бет12/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   162
ШЫРЫНБЕК ПЕН КӘРИМА
Шырынбек:
Әуелi әдiл болса бек төрелер,
түзелiп тұрмысымыз ретке келер.
ылайым ынтымақтан айнымаса,
Құдайым ырыздығын көпке берер.
сөз қадiрiн бiлетiн сiздер үшiн
Бар ма екен бұл айтыстан өткен өнер.
Ассалаумағалейкүм армысыздар,
торқалы тойлы ауылға беттеген ел.
тәмәм жұртты тербеткен тал бесiк боп,
таразда тамыр жайып көктеген ел.
ұқсап бiр ұзатылар хас аруға,
Қаламның шын мүсiнi қашалуды.
теперіш көрген талай таразымның,
тарихы толы неткен аса мұңға.
Құдайдан құлшылықпен сұрайтыным,
таразды көзiмiзден таса қылма.
Ару Айша шомылған ақырғы рет,
Арнасы ауысқан жоқ Асаның да.


36
Қазақ өнерінің антологиясы
Пирамида сақталса тұрған шығар,
Қарт тараз күннен күнге жасаруда.
Қылатын бар жиғанын тойға құрбан,
Ал, халқым сөз тыңдаңдар бойдақ ұлдан.
Айтысқа бәрi сен тұр мен атайын,
Ақындар жиналыпты ойда-қырдан.
екi иықты жұлып жеп отқанымда,
Көз аурудай сап еттiң қай жағымнан.
Арнайы жеңешеме арма дедiм,
Қайнының түсiнетiн әр «намегын».
Аман ба артта қалған арман елiң,
Келiн боп қапқа тары салған елің. 
есек дәме қайныңды емексiтiп,
екi рет айтысқанда алдап едiң.
Басымды боза ішкендей айналдырып,
Бастауындай боп отсың бар бәленің.
Женттей шайға салған ерiп тұрсаң,
Желiкпей ауыруым барма менiң?
Жалпақтап жеңешеме күн көрейiн,
Кiм бiлед көнiп қалар түнге дейiн.
дiңкем құрып отырмын дым қыла алмай,
дәретi бар жiгiт ем дiнге бейiм.
Жүзiк тастай жеңгемдi жарқыл қаққан,
Жамбыдай атып алып жүлделейiн.
Астыртын әрекетке мен көшейiн,
Iргеден түнде шыққан бүргедейiн.
Көздiң жауын алатын келiншекпен,
сөздiң дауын көбейтiп бiр көрейiн.
Кәрима:
үкiлi бөрiк тіккізіп, 
Көйлекті кидік нымшамен.
Көмейде күмiс өлең бар,
дауысым ашық тұрса кең.
Киелi тараз елiне, 
Жолдап ек кеше жыр селем.
Бiр күн дәмiн татқанға, 


37
Айтыс VI том
Қырық күн сәлем, мың сәлем,
Бүгiнгi көрермендерге – 
тағы да бердiм бiр сәлем!
тәу етiп кеше таразға, 
өтiп ек бiздер қақпадан.
топырағына тәу етер, 
Қадамым әрбiр аттаған.
Жолдады Айша бибiге,
сәлемiн домалақ ақ мамам.
Қараханға сәлем айтты,
Бәйдiбек бабам бақ бабам.
Аманатын әкелдiк, 
сары алтындай сақтаған,
Әулиеата ұрпағы,
тойыңды тойлап шаттаным,
таразым көршi елiм деп,
сыртыңнан сүйсiнiп мақтанам.
Жамбыл атаны туғызған, 
Жомарт едің ел неткен.
Кенен ақын кешегі, 
Әнiмен елдi тербеткен.
дулати, өтеген, Қайраттың, 
топырағы осы ер жеткен.
Шерағам өзi бiр бөлек, 
сөздiң майын селдеткен.
Бүгiнгi ұрпақ соларға,
Бойын түзеп ер жеткен.
тараздың көркi бүгiнгi,
Жайнап тұрған гүл көктем,
ұрпағы мың жасасын,
Әруақтарды тербеткен.
Шорабек менiң қайнағам,
Айтыссам сәлем беремiн.
мұхамеджанмен айтыссам,
Азамат ер деп сенемiн.
Ахметжан да кетiп едi,
Арнап кеше өлеңiн,


38
Қазақ өнерінің антологиясы
Шегiрткенiң айғыры – 
Жетпегенi сен едiң?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет