Айтыс VI том



Pdf көрінісі
бет10/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   162
Мұхамеджан:
сезімге Айбек кейде бағынасың,
сөзіңнің мен түсінсем мағынасын.
Қасымға үй бермепті қазақтар деп,
Шынымен жұрт алдында қамығасың.
Бұл қазақ бірін-бірі сыйламас деп,
еліңе сырыңды айтып шағынасың.
сөйте тұра ағаңды шайнаймын деп,
Балалыққа салынып жаңыласың.
Алтын басты қадірлеу керек болса,
Ағаңа қақпан құрып неғыласың.


30
Қазақ өнерінің антологиясы
ол рас алған едім анық жүлде,
Қамтуға уақыт керек бәрін бірге.
егерде оза шауып келіп тұрса,
тұлпарын бағаламас халық кімге?
Жұрт алдында осылай шайқасам деп.
Айырылардай сөйлейсің таңың күнде.
Айтыста қайнағаңа қарсы шауып,
Қайын жұрттың назына қалып жүрме.
Айбек:
Жарыспа жақсы болсаң жалғанменен,
Арнайын мына жұртқа талғамды өлең.
сен емес мұхамеджан мен қайнаға,
Құлағыңыз есітпей қалған ба екен?
Бір емес сөздерімді екі бұрдың,
отырған мына жұртта талғам бөтен.
Шайнасып неде болса көрейікші,
тістеген жерде азу қалған ба екен.
мұхажан, сен пайғамбар емессің ғой,
Атыңыз мұхамеджан болғанменен.
осылай Айбек жұрттың есін алсын,
Арқаның Алматыда көші қалсын.
Шорабектей періштең сыбырласа,
Айбектің жеңілмеген несі қалсын.
Мұхамеджан:
Ажарлы Астаналық Айбек едің,
өзіңе өнеріңді сай көремін.
Шорабекті сөз қылып отырсың-ау,
Білгендей он құлақтын ой берерін.
ол маған айтып жатыр дұрыс сөзін,
теріске түсіндің деп ой дерегін.
Кей сөзіңді Айбек теріс түсінбесем,
Ал, сонда күйеулігім қайда менің?
Айтты деп ойламағын ағам нені,
Қашаннан тәнті етуші ед бағаң мені.
Қадірің болмаса егер Бектұрғанов,
Қызығып сені қызметке алар ма еді.
мырзекең мырзалық қып пәтер беріп,


31
Айтыс VI том
Бабыңды Айбек сенің табар ма еді.
Хан ұлындай қастерлеп баптап-сақтап,
үстіңе жаңа шапан жабар ма еді.
үкідей үлпілдетіп ап келгенде
Құдайым, кездестірді-ау саған мені.
Әлгінде айттың мырзекең бақ болғанын,
еңбегінің Астанада ақталғанын.
ұлбике мен Жамбылды зерттеген көкем,
Байқап тұрмын жақсыға жақ болғанын.
Жүзге бөлмей жүз ақынды жазып еді,
сөйтіп ол ақиқаттан тапқан арын.
түртінектеп мырзекең түркілердің,
тамырынан тарихын тартқан ғалым.
мен де естіп ел тәлім мен тәрбиесін,
Ақылынан қанағат тапқан жаным.
екеумізге сәулесі түсіп тұрса,
осы болар айтыста шаттанғаның.
Алдыңдағы арба арынды болса сондай,
Адымы ашылады артқы арбаның.
Айбек:
Қалмайды ер-тоқымым жолда менің,
мұқашжан су төгілмес жорға ма едің.
Айбектің сөзін теріс түсінетін,
Құранды теріс оқыр молда ма едің.
елімде ақын Айбек атанғасын,
Қолдасын аруағымен атам Қасым.
осылай қатты айтпасам айып болар,
мұхамеджан, өзіңнен бата алғасын.
тағдырдың тоқсан тарау талқысында-ай,
Келеді торғайымның халқы сынбай.
Жәнібек тархан бабам, төлек, Жәуке,
ерлігі мәлім болған хан тұсында-ай.
Кейкімен Амангелді, Әбдіғаппар,
Күрескен азаттықтың талқысында-ай.
нұрқан мен Ахметқан, Файзола, сәт,
торғай елі түлеткен жалқы ұшырмай.
Қайнекей, ғафу, сырбай, Кеңшіліктер,


32
Қазақ өнерінің антологиясы
Келеді поэзияда нарқы сынбай.
өз ұстазым Қонысбай әй-әй ақын,
Әрдайым ақиқаттың жаршысындай.
осындай асылдардың сынығы едім,
теңіздің тасқа тұнған тамшысындай.
торғайым киелі өлке Арқадағы,
мыңғырған қаптаған жер мал табаны.
сол тұяқтан бұл күнде тұлдыр да жоқ,
Болғандай қырғын майдан хан талауы.
өкімет талақ қылып тастаған соң,
тағдырдың азайғандай бар қарары.
Қостанайға қайтқан қыздай қадірі жоқ,
Азаптың ауыр жүгін арқалады.
торғай десем елжіреп ет жүрегім,
Көзімнен-жас, көңілден қан тамады.
назарын ауыл жаққа кім бұрады,
соны ойлап жүрегіміз қынжылады.
мәдени ошағы жоқ шалғай ауыл,
Жігерін жас ұрпақтың құм қылады.
Жастар жағы шұбырған қала жаққа,
Қарт біткеннің жағдайы құлдырады.
мың бұраулы өмірдің көмейінен,
Қыл бұраулы құлындай шыңғырады.
Қазақтың болашағы далада тұр,
Жұмыссыздың да көбі қалада тұр.
Жер ананың анары сыздап ағып,
мал тұяғын аңсаумен дала жатыр.
малың кетсе қазағым жаның кетер,
малың кетсе болмай ма заман ақыр.
Бүйте берсек мысыққа конкурент боп,
тышқан аулап кетерміз, қара да тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет