Айтыс VI том



Pdf көрінісі
бет11/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   162
Мұхамеджан:
Қайнаға, сен батаңды ырымдайсың,
Жүрегіңе жамау ғып тығындайсың.
торғайдың теріп бердің тектілерін,
Білмеуші еді біздің қазақ мұның қайсын.


33
Айтыс VI том
торғайдың жан-жүрегін сыздататын,
Жараны қазақтікі деп ұғынғайсың.
Бетіңе алты алаш қарап отыр,
неге өзіңді ұсақтап сығымдайсың.
«Бар қазақтың топ жарғаны» деп отырсам,
«торғайдың ұлы едім» деп шырылдайсың.
Жағдай көп бұл қоғамдағы анықталар,
Қайнаға әлі түзу бағыт болар.
иншалла, үмітсіз де емес едік,
Қазынамыз қаржыға толып қалар.
мың адамның мұрты тек майланып жүр,
миллиондардың бақыты байланып жүр.
Ауылдың аузынан кеткен ақша,
Шетелдің банкілерін айналып жүр.
елбасы қайтарсам деп қарекет ғып,
Парламент сақадай сайланып жүр.
елге келсе ерінге тимей ме деп,
ептілер ертелі-кеш ойланып жүр.
Көрініп жегендерім қала ма деп,
Көп пысық көңіліне қайғы алып жүр.
…торғай жұтқан жыландай топтан қашып,
Қорыта алмай қор болып байларың жүр.
Байлардың да құпиясы ашылғандай,
Белгілі болды тасқа басылғандай.
Қаңғып жүрген қаржылар елге қайтсын,
Басқа елдің банкісіне масыл болмай.
Қайтқан малды қайырлы қылып алар,
Ағайын аман болса асыл маңдай.
ұлылардың бүгінгі ұрпақтары
не көрінді ұрлап ақша асырғандай.
Қызғанып, қиырға ақша жібердің-ау,
Көңілдесті сандыққа жасырғандай.
Айбек-ау, айтар ойым молықса екен,
Алдыңнан шын бақытың жолықса екен.
Халықтан қорықпаған пәтшағалар,
ең болмаса Құдайдан қорықса екен.


34
Қазақ өнерінің антологиясы
Жаңарып салып жатқан Астананың,
Қаржысы келіп содан толықса екен.
Халықтың іздегені қай нәрсе екен,
иманды боп жүздері жайнаса екен.
Күлтегін ескерткішін алып келген,
иманғалидан жұртым айналса екен.
мұстафа Шоқайдың да құжаты кеп,
рухани әлемің бай болса екен.
Қытайдағы құны зор құжаттар да,
Қайта оралып халқыма той болса екен.
Эрмитаждан қазақы экспанаттар,
елге келіп көңілің жайланса екен.
ескі отырар секілді Астанамыз,
Білімнің ордасына айналса екен.
Батыстың үрдісіне құлай бермей,
Шығыстың үлгісіне сай болса екен.
Ақының қалай сырды ақтармасын,
тарихымыз табанға тапталмасын.
Астаналар көп болған бірақ та олар,
Арашалап алмаған жаттан басын.
түркі Астана түркістан болғанменен,
Баянсыз бастан кешкен тақ таласын.
ташкентті төле би билегенмен,
саясатын жүргізді сарттар басым.
орынбор ойда-жоқта орда болып,
тартып алды ресей сақтанғасын.
Қызыл орда қызыл ту астында боп,
Қазақ көп жаза алмады хат-таңбасын.
Алматы да олардан алшақ кетпей,
мәскеудің толтырды ол ат-дорбасын.
енді есілге қондырдық Астананы,
Азат ел боп басыңа бақ қонғасын.
Астана – тәуелсіздік туындысы,
Жаңарған жақсылығың жат болмасын.
Азаттық қайта тапқан алтын сақаң,
Ал, Астана құйылған ақ қорғасын.
Ағайын, енді абай бол, алтын сақаң,
тағы да талапайға тап болмасын.


35
Айтыс VI том
Айбекжан, өз еліңе наз айтқайсың,
Қалайша іштен сырды азайтпайсың.
Астанадан кеп тұрған ақын құсап,
Бас қалаға лайықты сөз айтқайсың.
тарихтың қалыптасып төл мектебі,
табылды ел-жұрттың да ермектері.
сол жайында сүбелі ой айтқайсың,
Құр босқа отырғанша тергеп мені.
Астана азат боп жатқанымен,
өзге елдің салынып жатыр өрнектері,
туған ел тарихыңа оралмасаң,
Бақыттың да сынады шөлмектері.
тәуелсіздік біздің ол нәресте ғой,
Қорғамасаң қорғансыз жөргектегі.
 2001 жыл.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет