Шырынбек:
Қысатын былай шықсаң қолыңды алып,
Қол соғып отыр мiне қалың халық.
Айтысқа ит арқасы қияндағы,
Бекер-ақ келгенсiң ғой шалыңды алып.
Шырқымызды бұзары өз алдына,
Шырынбектiң жүрмесiн шаңын қағып.
Жеңгеңнiң жай-жапсарын ұға алсамда,
Бастайын бiр сұмдықты бұ қарсаңда.
Кеудемнен итермей-ақ болады ғой.
мақұл деп бiр қолқамды құп алсаңда.
40
Қазақ өнерінің антологиясы
ел жата есiгiңнен кiргiзiп ап,
таң атпай терезеңнен шығарсаңда.
ойдағы орындалмай сол арманым,
Келмейдi құр бекерге салаңдағым.
Жеңеше кеш бата сол қас-қарая,
үйiңнiң шолып қайтам шолан маңын.
Көз қылып еге әншейін кергiп отсың,
Бар сырың оңашада болар мәлiм.
Бiлмей қалып жүрмейiн бiлегiңнiң,
Бөкебайдай мойныма оралғанын.
Кәрима:
мына бала қайтедi,
Кеттi ғой қатты қағынып.
Ахметжан да қалыпты,
екі жыл көрмей сағынып.
Шалыңды неге әкелдiң деп,
Айтасыңдар не қылып,
Шалымды ертiп келмесем,
өлтiрерсiңдер жабылып.
Қоя берсем еркіңе,
Көңiлiң бала тоқ отсың.
төркiнiң тараз болған соң,
Бек-сұлтандай боп отсың.
Кәримадай жеңгеңнiң,
Жанына жақын кеп отсың.
Бiр мәнiсi болар деп,
ойлап қамын жеп отсың.
Жанып тұрған оттай боп,
Жарқырап тағы шоқ отсың.
еркiңе бүгін жіберсем,
не бiтiрем деп отсың.
Адам таппас айлаң бар,
Қылығыңнан айналдым.
студент бала едi бұл,
тұлымыңнан айналдым.
Қыздың көзi түсетiн,
41
Айтыс VI том
мұрыныңнан айналдым.
Жеңгенің жайын айтқызбай,
сезгенiңнен айналдым.
Әрдеңенi бiр айтатын,
сөздерiңнен айналдым,
Жақындап қалсам жұмылар,
Көздерiңнен айналдым!
Достарыңызбен бөлісу: |