39
Айтыс VI том
Кәрима:
таразға келсек ылғи да,
Жұптаған қайын оң болды.
Күйеуiм сырттан қызғанып,
ол байғұс тағы қор болды.
Жүрсiн аға, қайтемiз,
Қайындар тiптi мол болды.
есi жоқ өңшең бойдақтар,
Жалғыз маған сор болды.
тараздың жаңа тарланы,
Қос қанатын сiлкiп тұр.
өзi кеп тиiсiп жеңгеге,
тағы пәле түртiп тұр.
маңдайдан аққан терлері,
Жағаға түсiп шылқып тұр.
екi метр жерден-ақ,
Бойдақ иiсi мүңкiп тұр.
өзбекте пiскен қауындай,
Шырынбек шырын пiсiп тұр.
Жиырма үште жасы бар,
Жастық шақты құшып тұр.
Алып-ұшқан баладай,
маған қарап ұшып тұр.
Қараған сайын өзiңе,
Қыз күнiм еске түсiп тұр.
Достарыңызбен бөлісу: