27
Айтыс VI том
өлді деуге сияма ойлаңдаршы,
деп дәлелін айтпап па ед Абай марқұм?
Қадіріне жетпестен тірісінде,
Қабіріне гүл қойдың талайлардың.
медет боп мына жұрттым дем бергені,
Ағыттым тұлпарымды белдеудегі.
Ақынын ардақ тұтып той тойлауда,
Қасымның шерге батқан шерменде елі.
Ашулы арыстанның айбатын бер,
Қорғанын сырттан қауіп келгендегі.
Жоталы жолбарыстың жүрегін бер,
өзіне нәсіп болған өңгергені.
мұхамеджан, жолыңа атам сенің,
«Бомба боп жарыл жүрек кеудемдегі».
Достарыңызбен бөлісу: