Айтыс VI том



Pdf көрінісі
бет124/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   162
МЕЙІРБЕК ПЕН ЖАРҚЫНБЕК
Мейірбек:
Желкенін шабыт дейтін жел үрлейтін,
мұхиттағы кемедей менің кейпім.
Алдыңа ақындарың келді бүгін,
елдің жайын жырлаудан ерінбейтін.
Арқаланып сөйлесе алқа топта,
Арқада артқан жүгі жеңілдейтін.
Аман ба, Алматылық ағайындар,
Бірлігі балталаса бөлінбейтін.
Балам деп қошаметпен қолдау берсең,
не жыным бар жорғадай төгілмейтін.
Алдағы жеңіс күні құтты болып,
тойға ұлассын шашуын теріп жейтін.
Біздің халық батырға бай халықпыз,
Жау шапса есі кетіп елірмейтін.
сіздердей ерім дейтін ел болмаса,
ер қайдан туар еді елім дейтін.
Кешегі 41-дің кезінде де,
тәртіпке қатал болдық темір дейтін.
отан үшін опат боп отқа түсіп,
Жауыннан жарты қадам шегінбейтін.
Фашистік германияны талқан қылып,
Берлинді де алдық-ау берілмейтін.
Армысың, қайсар қазақ немістерден,
Футболдан басқа жерде жеңілмейтін.
Алдыңа келгенімде бір қонақ боп,
тұрғам жоқ өнерімді бұлдамақ боп.
Айтыс болса ойлайды мына халық,
Айнұр мен ринаттар жүлде алат деп.
Ал бірақ, бұл айтысқа Жүрсін ағам,
Жастарды көптеп қосты тыңнан ап кеп.
үлкендермен үзеңгі қағыстырса,
Шабыты шалғы орақтай шыңдалат деп.
сондықтан да бүгінгі балаларды,
ойламандар жүлдеден құр қалад деп.
елбасы да айтпап па еді өз сөзінде,
ертеңіміз жастармен нұрланад деп.
сондықтан да ағайын қолдау берсең,


337
Айтыс VI том
Шындықты да айтармыз Шынболат боп.
ең кенже ертөстіктің арқасында,
ерназардың көз жасы құрғамап па ед.
Жолы үлкен төле би мен Қазыбек те,
Әйтекенің ақылын тыңдамап па ед.
Аралап айтыс дейтін орман ішін,
Жолықты Жарқынбектей жолбарысым.
Ассалаумағалейкүм, Жарқын аға,
Жонынан су төгілмес жорға мүсін.
Айтысқа сіз келгенде үлкендіктен,
ысырылды Балғынбек молда кісің.
Жас балаға кәрі жілік ұстатқандай,
Ақынның кез қылғаны-ай, ең кәрісін.
Бірақ та қамығатын дәнеңем жоқ,
тұрғанда бойда қуат, қолда күшім.
тәуекелдің тұлпарын ерттеп мініп,
нардың белін сындырар ар-намысым.
түріңнің әзіл қылсам азды кемін,
Жарқынбек көңіліңнің жаз кілемін.
Ағаммен қалжындасып қағысайын,
Жанының жадыратып жазғы лебін,
Шипалы сарағаштай жерден келдің,
Жырыңның ерттеп мініп наз күреңін.
Шипалы курортыңның қасиетін,
Айтыста талай мәрте сөз қылып едің.
Асқазан мен бауырдың жараларын – 
Адамның бүкіл дертін жазды дедің.
сол курортқа жолдама әперем деп,
Айтыста талай қызды мәз қып едің.
өзіңізде дем алып қайтпайсыз ба?!
Халықтың жарылқамай баз біреуін.
Әйтпесе дәл мынадай пошымыңмен,
Шошытып жібердің ғой Казгу елін.
Бүкіл дертті емдейтін сарыағашың,
ойпыр-ай таппады ма таздың емін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет