Айтыс VI том



Pdf көрінісі
бет127/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   162
Жарқынбек:
мейірбек, інім едің мақтап келген,
Бұл қалай шыға салып шап-шап берген.
дейсің ғой сарыағашта атыс-шабыс,
ол рас бұл сөзіңді жақтап келгем.
сарыағашта балалар оққа ұшып,
Бұл күнде тәрбиеміз ақсап келген.


343
Айтыс VI том
оқ атуды бастаған мен емеспін,
Қарасай өткеніңе жақсы ат берген.
Кешегі Алтынбек пен заманбекті,
оқпенен қара жерге жастап берген.
Кешегі Жаңаөзенде атылған кім?
Атқан кім тұрып алып асқақ төрден?
ұмытпа Арқанкерген оқиғасын,
Аяусыз намысымды таптап келген.
сен болсаң сарыағашты кінәлайсың,
Әдептен жайым жоқ ед аттап келген.
«Бір-біріңді осылай атыңдар» - деп, 
Біреулер он жыл бұрын бастап берген.
Бұл інім қоғам жайын шын біліп тұр,
соны айтса жанарында мұң бүгіп тұр.
сен айтқаннан басқа да көп мәселе,
Халықтың құлшынысын сындырып тұр.
Әйтпесе жеріміздің асты-үстіне,
Құдайым мол байлықты тұндырып тұр.
сол байлық несібеме бұйырмастан,
санамды сансыратып мың күдік тұр.
Бір ғана мұнайыңнан түскен пайда,
Қайда кетіп жатқанның кім біліп тұр.
ол аздай аспаның да біреудікі,
онда да талай-талай сыр бұғып тұр.
Байқоңырың о баста белгілі еді,
оны айтсақ біреулер дүрлігіп тұр.
Эйр Астана, сКАт боп ағылшынмен,
түріктер жігерімді құм қылып тұр.
олардың самолеті ұшу емес,
Қалай құлау керегін үлгі қып тұр.
Ауылға да бөлінген мол қаржыны,
Жоғарыдан жымқырып, тындырып тұр.
Жаңадан салынатын ғимаратқа,
тендер емес теңге ойнап бүлдіріп тұр,
Ауыз су, жол мен газдың мәселесін,
Әлі күнге бітпейтін жыр қылып тұр.
Біз сонда қай шындықты айтып жүрміз,
Жалғандығың балалап, мыңғырып тұр.
темір торға қамалған тоты құстай,
Шындығың шың басында шыңғырып тұр.


344
Қазақ өнерінің антологиясы
мейірбек кездескен соң тойда бүгін,
Көтерші ел мерейін сайрап інім.
найзаға сап болардай десем жаңа,
мықтысың дегенімді ойла күнім.
осал ағаш найзаға сап болмайды,
деп сөзін айтпасаңшы қайдағының.
Алдымен сөзді дұрыс ұғып алсай,
Бас десе құлақ деген қайран інім.
өзіңдей көтерем деп ұл беделін,
Артықтау кетсең дағы үндемедім.
Бір айтқан басымызды тағы айтып,
інімнің сүрінерін білген едім.
Шашым аз оны өзім де білемін ғой,
Бұл қалай қайта-қайта тілдегенің.
мейірбек мен де сендей жас кезімде,
Шашы жоқ бір ағама күлген едім.
ұмытпа ерте кеш пе өгіз күні,
Басына бұзаудың да бір келерін.
мен шықсам сахнаға нар атандай,
Жыбырлап сен де кепсің таракандай.
Қоқиланып отыруың жаман емес,
су ішіп, жемге тойған балапандай.
Ақынға халық құшақ жайған анық,
сондықтан сөйле сөзді сайлап алып.
Жер төресі атанған Алматының,
Шыға алмас шыңдарынан ай қамалып.
сол ортада екеуміз кездескенде,
Жүрмейік ұсақталып майдаланып,
Ал кәне, бала қыран қалықтай ғой,
детский льготыңды пайдаланып.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет