353
Айтыс VI том
сары алтынды алмассың жан алқымнан.
Астына өлеңімнің отын жағып,
Бензиніңді айырайын соляркыңнан.
таң қалма қара алтынға теңеді деп,
мұнайға теңеуімнің себебі көп,
Халық айтса қалт айтпайды деп естіп ем,
мұнайдан көбірек газ бөледі деп.
Көбірек газ бөлгені жақсы емес пе,
Халыққа да тиетін көмегі көп.
сенің де дәл осындай байлығың бар,
Қазынаңды ақтарсақ тереңірек.
Бірақ сенен шығатын кейбір газдың,
Кемпіріңнен басқаға керегі жоқ.
Серікзат:
неліктен сені отырғам желіктіріп,
Бұл ойыңмен кетпексің нені ұқтырып?
Қызылорданы қара алтын көтеріп тұр,
Бюджетін жатырмыз ғой көріп біліп.
Көпшілігі
мұнайшы мынау елдің,
нан тапқан маңдай терін төгіп тұрып.
өзінше сары алтынмын деп қоясын,
өзіңді мына жұрттан бөліп тұрып,
Қара алтынмен қалайша тартыспақсың,
мұнайдың айтысына келіп тұрып.
Бұл иран найманды айтып басты егеске,
Абырой кейде аяқ асты емес пе?
наймандар
шайтанды да алдайды деп,
өзінше Америка ашты емес п?
сол шайтан мен білетін шариғатта,
Хазіреті омардан қашты емес пе?
Адамды тура жолдан тайдыратын,
Шайтанның бір тармағы нәпсі емес пе?
Кім айтты саған оны алдады деп,
дегенмен найман жеңсе жақсы емес пе?
Жұрт жоқта жын-шайтанмен тілдесетін,
мынауың сары әулие, бақсы емес пе?
354
Қазақ өнерінің антологиясы
Бастық біз болашаққа шындап қадам,
Әлемде ел жоқ бізге үн қатпаған.
Қазақстан алпауыт елдерменен,
Жасқанбай кіріп шығады бір қақпадан.
соның бәрі арқасы азаттықтың,
себебі де емес қой жұмбақ маған.
өйткені Құдай берген мұнайым бар,
мұнаймен күллі әлемге шын мақтанам.
ендеше «Қазгермұнай»
жасай берсін,
Шетелге қара алтынды ұрлатпаған.
Қазақтың мәртебесін асқақтатқан,
мұнайдың әр тамшысы қымбат маған.
Білетін елге келдік сөз бағасын,
Жырладық мұнай шыққан боз даласын.
Қытаймен мұнай сауда қызып жатыр,
дамуға басқа жол жоқ өзге Алашым.
Құмкөлдің құбырына қойып кетсең,
Қытайға самолеттен тез барасың.
Ағалар әзіліме ренжімесін,
Бұл
менің жеке пікір көзқарасым,
мынау мені бағана түйе деді,
түйе жақсы көреді өз даласын.
Азуым батып кетсе айып етпе,
түйе де қарпып сүйер өз баласын.
ей, германия!
дегенге бір соғысты бастап кетпе,
Кеудеңді көтеріп ап асқақ көкке,
өзім баптап өсірген шәкіртім ең,
сен менің тұнығымды ластап кетпе.
мұнайға
келіп кеткен неміс құсап,
Боп жүрме күні ертең қашпақ текке.
өкпелеп айтыстан соң ұстазыңа,
сен мені орта жолдан тастап кетпе!
Достарыңызбен бөлісу: