330
Қазақ өнерінің антологиясы
оңтүстіктей еліме,
Қызыр
қонған жеріме,
мейірімі жауып Алланың
назары түскен патшаның,
өзіндік айтыстағы ізі басым,
Бұл Айнұр ақ көңілді қызық ақын.
үстімдегі жабыстың шапаныма,
Әрине
жөніңіз бар қызығатын,
Бұл шапанның құпиясын саған ашсам,
еріксіз таңдай қағып қызығасың,
Айтыста әрбір сөзі шегеге тең,
Айнұр сен елдең ерек керемет ең.
Баяғыда Қожанасыр өз шапанын,
Құрметтеуінің жөні бөлек екен.
Қайда
барса тастамай сол шапанды,
үстіне жабыстырып келеді екен.
үстіңдегі шапанды тасташы деп,
Кемпірі шалға ұрыса береді екен.
Шапанды неге кидің деген кезде,
Қожекең сөзің былай өреді екен:
«Шапан кисем жас шағым еске түседі»,
дегенді айтып кемпірін жеңеді екен.
Кемпірі содан кейін сөзге тоқтап,
екеуінің ортақ қамын жеген екен.
Шапан кисең жас шағың еске түссе,
түнде де киіп жатшы деген екен.
Айнұр:
Біз келіп атқан бұл өлке,
Қойнауы құтты мекен ғой.
Ал,
Жарқынбек ұлдары,
демеймін бізге бөтен ғой,
Бес баланың папасы ең,
Бала табудың ағайын,
Құпиясы көп екен ғой,
Шапан
киіп ұйықтасам,
Күш қуатым тасиды
деп қазір ғана көтерді ой.