Айтыс VI том



Pdf көрінісі
бет126/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   162
Мейірбек:
таза алтынның бойында тат болмайды,
Жақсыны жақын түгіл, жат қолдайды.
Қазыбекті арық би деп атаған,
інің қалай тарихты ақтармайды.
Арық деп мың теңеуді айтқаныңмен,
мейірбек ел алдында мат болмайды.
найзасына сап болар жігітсің деп,
Ағамыз неменесін аттандайды.
өз сөзіңнен өзің кеп ұсталдың ғой,
сахнада тудырып жоқтан қайғы.
осыдан-ақ көрініп тұрған жоқпа,
осал ағаш найзаға сап болмайды.
Ақын ем бес қаруын жарақтанар,
тасқа шеге қағуға талаптанар.
Кастингке өзің де бармайсың ба,
сол кино жайлы тарап жатса хабар.
Қайталанбас түріңді көрген кезде,
режиссерлар таң қалып қарап қалар.
Қазақтың найзасындай болмаса да,
Қалмақтың шоқпарына жарап қалар.


341
Айтыс VI том
Құдайым жаратса да аңғал қылып,
Жарқынбек айтыстағы арлан жігіт.
Жеңешеңіз шашыңды жұлады деп,
ініңді алдың ғой сен шамдандырып.
сонда қалай шашыңды төбеңдегі,
үйдегі жеңгем бе еді алған жұлып.
мен өз басым жеңгемді көрген жоқпын,
сөзімді айтатындай жандандырып.
меніңше жеңгем өте сұлу шығар,
Қарағанды тастайтын таң қалдырып.
Қашанда сұлу қыздар белгілі ғой,
төлегенін іздейді арман қылып.
Ақыры таппаған соң сен секілді,
Бір тазға жолығады таңдап жүріп.
Айтыста айтқан сөзін ойламастан,
Жұтқан тамақ секілді шайнамастан.
елдің жайын қозғайық кел екеуміз,
Қалжындасу, қағысу қайда қашқан.
Құздағы қия шыңда қалықтайық,
тордағы тоты құстай сайрамастан.
Ағайын деп отырса алысқа шап,
Жарасар намыс туын нақ ұстасақ.
Жөн болар жеңіс күні ерлеріңнің,
рухына дұғамызды бағыштасақ.
Қазаққа жеңіс деген қастері ұғым,
рахымжандай батырмен нақ ұштасақ.
Бірінші боп ту тікті рейхстагқа,
нар ұлыңның кеудесін намыс қашап.
солар салған даңғыл жол деп білемін,
егеменді ел болып қарыштасақ.
Көк байрақты апарды мақтанышпен,
талғат, тоқтар ат ізін ғарышқа сап.
Бекзаттар сиднейде желбіретті,
тілеуін тілеген соң жарысқа сап.
Бірақ бұл күні сол туды тулақ етіп,
мәңгүрттер шайтан түртіп шалыс басат.
Көгімізге көтерген көк байрақты,
Көгілдірлер қолына табыстасақ.


342
Қазақ өнерінің антологиясы
төле, Қазыбек, Әйтеке дана батыл,
Қалдырған өсиеті санада тұр.
Кешегі абыз кеуде даналар-ай,
Ат сүрініп болғанша табады ақыл.
Көрінде күңіреніп жатыр ма екен,
ұрпағыма келді деп заман ақыр.
Бүгінде намыссыздар қаптап кетті,
Қазағына құны жоқ қара бақыр.
Әйтекелер азайған бұл заманда,
Қыз текелер көбейіп бара жатыр.
Ағамсың шашын айтса ұялмаған,
Шаштаразға барсам деп қиялдаған.
туылдың сарыағаштай топырақта,
Жан емессің ауылын сүйе алмаған.
Бұл күнде колледжде би болыпсыз,
Жәрдем тілеп қол жайып жиі Алладан.
директорға кеңесші екенсіз ғой,
Жасады деп ренжіме пиар маған.
Бірақ сол колледжіңде байқап тұрсам,
Қылмыстар көбейіпті зиян жаман.
Күн сайын атыс-шабыс кісі өлімі,
Жыл сайын қылмыстар көп жиі аңдаған.
Жарты жылда төрт бала оққа ұшыпты,
Айылдарын азғындар жия алмаған.
Кешегі төле бидің заманында,
мысығы да әдеппен мияулаған.
Ауыл емес, Алашты ойлап өткен,
Балапандар болса деп ұяңда аман.
дәл сіздей биді алғаш көріп тұрмын,
Билігі аспайтұғын үй, ауладан.
Бар Алаштың айылын жимақ түгіл,
сарыағаштың тентегін тия алмаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет