332
Қазақ өнерінің антологиясы
Шапанның құпиясын естігенде,
ойпыр-ай, бұл Айнұрдың кейпін көрсең.
Қайтсең де осы шапанды әперші – деп,
Күйеуінің құлағын жейтінде сен.
досымсың ғой мен саған бере салам,
орнына күйеуіңнің джипін берсең.
ілінген
ақын едің ірі атаққа,
Жеткейсің арманыңа мұрат арт та.
дос болған соң арзанға берем деймін,
Айнұр-ау бұл сөз үшін кінә тақпа.
Ал егер күдіктенсең тексеріп көр,
Қиналмай беріп тұрам прокатқа.
Күдігің сонда анық сейіледі,
Пайдаланып көрген соң бір-екі апта.
Жайың жоқ текке күйіп
қалам дейтін,
оны да ұқтырып тұр санаң кейпің.
Бір-екі апта тексеріп көргеннен соң,
Жағдайың болмай қалар жаман дейтің.
дүниені, бар малды салсам дағы,
Қайтсемде осы шапанды алам дейсің.
одан кейін айтысқа қолың тимей,
Жыл сайын роддомға барам дейсің.
Айнұр:
не
істесем екен ағайын,
Кеңесшілерім қайдасың.
джипті берсем берейін,
Шаңдатып жолды айдасын.
Шапанды алам қайтсем де,
уәдесінен бұл таймасын.
Құтыра бермей бұл жігіт,
Келіншегін де ойласын.
Әйелге
көлік не керек,
өзінің білер пайдасын.
Шапаныңды шешіп-ап,
мына жоспарды жоймасын.
джипіңмен қоса құры деп,
сандыққа салып қоймасын.
333
Айтыс VI том
Бөлінді-ау санам сан саққа,
ойым да кетті он жаққа.
Көзім де жайнап кетті ме,
Қызықпаушы едім не затқа.
Бүгінгі мынау айтысқа
оюлы шапан себепті
оны қалай пайдаланамыз
Қасиеті сондай бөлек па?
Шапамда алып күйеуім,
Шымкентте кию керек па?
Ағайын ел боп,
жұрт болып,
осыған көңіл бөлейік,
мына шапанның қасиетін,
Бәріміз бірге көрейік,
Жаңалық
ашқан Жәкеңе,
мемлекеттік бюджеттен,
Патенттің құнын төлейік.
осы әдісті қолданса,
Ат төбеліңдей аз қазақ
Кетеді ғой деп көбейіп.
Азаматтардың бәріне,
Ақ шапан тігіп берейік.
Достарыңызбен бөлісу: