102
Қазақ өнерінің антологиясы
Оразалы:
ісім жоқ дәулеткерей есебімен,
Ақындарды айырмасын осы елінен.
тапал десең тапал де мына мені,
оған, шіркін, дәл бүгін кетеді нем?
Жолды бойлап өсетін бамбук құсап,
Бір кеште найза бойы көтерілем.
Қалай ұқсаң, солай ұқ бұл сөзімді,
дәулетжан, мен осылай өсе білем.
сөздерің, қарап тұрсам, жаңылды ұсақ,
мен өссем, тереңде өсем тамыр құсап.
Жерді түгел көгерткен мамыр құсап.
сен енді сорайып солай кете бергін,
Кәдімгі қара ағаштай барыңды сап.
танауымнан су ағып,
таңдайымнан жыр ағып,
дәмі бар сөзің болса егер,
Көрейін бүгін құба-құп.
отырған осы орныңда,
Қағайын ба сына қып.
Айналайын, дәулетжан,
таусылып қалмай тұрғанда,
енді екеуміз тұралық.
Қол алысып осында,
мойынды елге бұралық,
тату елдің ұлындай,
Ақын елдің ұлындай,
Құшақтасып шығалық!
2003 жыл.
Достарыңызбен бөлісу: