103
Айтыс VI том
Ақ найза, алмас-қылыш елестейді,
Аралап тарихымды ақтарғанда.
Қарағайды шандоздап шабар едім,
Батырдың найзасына сап болғанда.
Біздер оның соңына ерер ме едік,
тайманның баласына тап болғанда.
Баптағандай
бір жылқы болар едім,
Ақтабандай ағама ат болғанда.
тарихым екі ғасыр толғатады,
Жәңгірден жазатайым тақ қалғанда.
саясатқа найза емес айла керек,
сақтайтын құдай керек сақтанғанда.
Қазағым, бірлік болса, тірлік болар,
Балаңды түсір қазір бастан жолға.
орнына бір-ақ шыққан ұйысқандар,
Қырымнан қырық батыр аттанғанда.
Аруағы
асқан қазақтың біреуінің,
махамбеттің атымен мақтанғанда.
Жапалақтап өлеңнен қар жауады,
Шапалақтап отырсақ шапқандарға.
ерік пен Әзімбекке тие берсін,
тағдырын осы айтыстан тапқандарға.
Алматыда айтысқа асыққандар,
Қаршығадай қанатын қаққандарға.
екі ақын қосылған шығар деймін,
Жұмақта да айтысып жатқандарға.
Армысың, айналайын Балғынбегім,
сен әзір отырсың ғой аттандауға.
Астананың
атақты ақынысың,
Әрине, үйренгесің мақтанбауға.
Күркіретіп көрейік, дүркіретіп,
Ауызынан асыл сөзді ақтарғанда.
Ағайын, оразаңыз қабыл болсын,
осы айда қасиетті айт басталғанда.
Айт болғанда айтысып қалайық деп,
Ақындар тіліменен тас жарғанда.
Бәріне де кешіріммен қараңыздар,
тас жармай біреулері бас жарғанда.
Ассалаумағалейкүм, ал ендеше,
Айтыспен оразасын ашқандарға.
104
Қазақ өнерінің антологиясы
Балғынбек:
тұлпардай шаршы топты жардым күндіз,
түн болғанда төбеден алдым жұлдыз.
өзіңізбен түскенім
қиын болды,
Шыққаны дұрыс еді балдыз бір қыз.
мэлс аға, бұл тойда топты жарып,
Халқыңа рухты жырдың нарқын білгіз.
махамбеттің тойында бәрімізді,
Кетпесін дөңгелетіп жалғыз қырғыз.
Армысың, мэлс аға, адуынды,
Көптің бірі емессіз кәдуілгі.
Қара алтындай көремін қадіріңді,
сары алтындай дер едім сабырыңды.
Ақжайық аруыңды қорғайтындай,
Қапсырынып келіпсің қаруыңды,
Атамыздың
тойында мен тілейін,
тұлпардай шаршы топты жаруыңды.
Шын жүректен қуанып озып келсең,
Шым жібектен жабармын жабуыңды.
Көрермен мың теңгеден билетті алған,
Айтысқа балаларын сүйреп барған.
отыз екі ақынды тыңдау қиын,
Көбінің тағаты да қирап қалған.
тастөбеде Жәңгірді он күн күтіп,
исатайдың қолындай сиреп қалған.
Қазақты дүрліктірген даңқың, мэлс,
Бабыңыз бәлкім артық, бәлкім кеміс.
Құйыла келгенменен таңдайға өлең,
Бұйыра бермейді ғой әр күн жеңіс.
Қара
жерді бізбенен бір басасыз,
Аяққа кисеңіз де алтын кебіс.
тартысқа жан беретін жарқын мэлс,
Айтысқа дәм беретін «Анкл Бэнс».
Мэлс:
не десең де Балғынбек,
мен айтысқа шыдаймын.
Жасым үлкен демеймін,
Ара-тұра сынаймын.