Балғынбек:
Айтыстың ну орманын кезгенде алшаң,
Жараспас ескі сөзді езген болсам.
домбыраның құлағын бұрадың деп,
Айтпас едің бір нәрсе сезген болсаң.
домбыра түгіл сенің құлағыңды,
Бұрар едім егерде жездем болсаң.
мен, мен едім, мен едім, мен, мен едім,
Шетелге мұнайменен дем беремін.
Көлімді қарға құзғын шоқып жатыр,
сұраса шошқаға да жем беремін.
ұшқан құс, жүгірген аң бәрін сатам,
санап берсе доллар мен теңгелерін.
Кен таусылса сататын жетімдер бар,
сарқылмас қазына ғой ел дегенің.
иығында басы жоқ үкіметтің,
саясатын осылай термеледім.
саясатты осылай термеледім,
Ал енді махамбет боп мен көремін.
ер исатай қасында болған күнде,
Айқасып ата жауды жеңген едім.
исатайдан айырылып қалған кезде,
Қайтейін сенген елім сендер едің.
Батырды қас жауына байлап беріп,
Кәпірдің айдауына көнген елім.
менен кейін астарлап Абай айтты,
орыстардың шекпен мен шен берерін.
Бас-басына би болып бөлшектеніп,
Бұл қалай Абайға да сенбегенің?
ол түгіл Алаштың да арыстарын,
Жауым деп оққа байлап берген едің.
соны ойласам Асандай мұңға батып,
Шерниязға қосылып шерленемін.
Желтоқсанда Қайратқа қайрат беріп,
мұз үстінде алаулап сөнбеп едім.
108
Қазақ өнерінің антологиясы
Ал бүгінде, қазағым, азат болдың,
Бұл менің өлсем-дағы өлмегенім,
тәуелсіз тірлік үшін бірлік керек,
Қазақта ынтымақты жөн көремін.
нұрлы жолға бастайды сонда ғана,
тізгінін ұстаған ұл өр кеменің.
осылай деп айтуға орай боп тұр,
осы сөз де тіліме оңай кеп тұр.
марқасқа, мэлс аға, естимісің,
махамбет төбемізде солай деп тұр.
Мэлс:
Айтсын деп ақындарды жұбат деді,
Алматым, шіркін, жеткен жұмақ еді.
Балғынбек үкіметті сынағанда,
Бас деді, бірдемені құлақ деді.
дұрыс қой ашып айтқан ақиқатты,
демеймін бұл саясат тұрақ деді.
Басы жоқ үкіметті деп айтқаныңыз,
Күлкіге шақырады бірақ мені.
Кеше мен теледидар қарағанда,
даниялдың басы бар сияқты еді.
Айналайын ағайын,
Алдарыңда өлеңнің
Жорғадайын тайпадым.
Жер түбінен үңілген,
Айтыс болса жүгірген,
Арғымақтай жайқадым.
Балғынбекжан осылай
Шабытыңды шайқадым.
Жолың болсын жортқанда,
Айналайын шырағым.
Болашақта өзің бол,
Биікке ұшар қыраным.
махамбеттің тойында
Арқасында Алаштың,
Ағызайын өлеңнің
сарқыратып бұлағын.
109
Айтыс VI том
Айналайын Балғынбек,
өзіңмен кеңес құрамын.
Айтсын, айтсын дегенмен,
уақыт болды тұрамын.
2003 жыл.
Достарыңызбен бөлісу: |