Айтыс VI том



Pdf көрінісі
бет51/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   162
Айтыс VI том
Кейінгі кей ініні түсінбеймін, 
Ағаларын кететін жарға қамап. 
Ағалықтың ақ жолын көрсете алсаң
Кетпеспін жар жағалап, жан жаралап. 
той-тойлап оңтүстігі, терістігі. 
мамырда мамыражай жер ұсқыны. 
Ақсақалды аталар, ақсамайлы, 
Апалар құтты болсын «Жеңіс күні!» 
Шаңырағың шаттықтан тербелсінші, 
Кеңейіп керегеңнің кеңістігі. 
Жеңіс күні мэлспен жолығыппын, 
Көтеріліп жүрмесін тек ыстығы. 
мэлс ұғып жүрмесін теріс мұны, 
Жеңіс күні емес қой, мэлс күні. 
Ал аға, айтысқан соң менімен кеп, 
салиқалы сөз айтқын жөнімен дөп. 
менменсіп бұл ініңді менсінбесең, 
мәншүк боп пулеметтен төгілем кеп. 
Әлия мен төлеген атқан оқтай, 
Автоматтай алдыңда себілем кеп. 
Жау дзотын жабатын кеудесімен, 
сұлтандай кеуде тосып керілем кеп. 
немістің «тигр» дейтін танкісіндей, 
Жер сүзіп жүрмегейсің тебінем деп.
Қасым атам «тілге» алған неміс құсап
соңымнан салпақтама, желігем деп. 
Бойымда Бауыржанның қайраты бар, 
мен бүгін айта алмаймын шегінем деп. 
Бақтыораздай қайтпаспын қасарыссам, 
Бұл жерге келгенім жоқ жеңілем деп. 
Жеңіс туын қадайын Алматыға, 
рахымжан Қошқарбаевтың елінен кеп. 
Мэлс:
Жырменен кызық дәурен сүргіздің бе? 
Айбек-ау, тағы тілді тигіздің бе? 
Аспаны Алашымның аман болса, 
Шықпайды деп кім айтар жұлдыз күнде. 
өлеңге қосып айтсам өмірімді


126
Қазақ өнерінің антологиясы
сен оған құлағынды түргіздің де. 
маңғыстаудан бастадың адамдарды, 
сен қадір-қасиетін білгіздің бе? 
мен айтсам өзімді айтып отыр едім, 
Бір адамды сен жұртқа күлгіздің бе? 
елу шақты адамның атын айтып, 
оларды да «отанға» кіргіздің бе? 
Жеңіспен тапқаннан соң халқы бақыт, 
Акындар жырлайды екен арқыратып. 
Қосымбайдың төрт ұлы болған екен
Бүркіттей ұшыратын аңсыратып, 
өзенбай, сазанбай мен нәрені бар, 
Азулы жыр төгетін сарқыратып. 
үш ұлы қан майданның қақ төрінде, 
Көрмепті жағаласта жау шыдатып. 
үшеуінен біреуі тірі келіп, 
Жүріпті, жанарынан жалын атып. 
Бір аяқты германға бердім дейтін, 
Папамыз келгендерге хал сұрасып. 
төртеуінен екеуі тірі қалып
Көрмепті бір-біріне артық айтып. 
өзенбай бабам менің Ази әкем, 
үйреткен сөз садағын тартып атып. 
Көргендерін бабамыз әңгімелеп, 
ордендерін тағатын жарқыратып. 
мен де сол шалдарымның шамасы едім, 
өлеңмен тарқатқандай дала шерін. 
тарихқа жазам сенің есімінді, 
маған да үмітпенен қарашы елім. 
Алтыға келгенімше арқалаған, 
Әжемнің мен бір кетпен қарасы едім.
отырған үнімді естіп маңғыстаудан
Бассыншы сағынышпен ана шөлін. 
мен сондай екі кемпір, екі шалдың. 
Құдайдан сұрап алған баласы едім. 
сағағы сарқыт туған сана қыспай, 
Жыр көшіп, жүректерге әлі ауысқай. 
үмітіңнің жібіндей үзілмейтін, 
тағдырың ширатылды тарамыстай. 


127
Айтыс VI том
үш ананың баласы басын қосты, 
Ақарыс, Жанарыспен Бекарыстай 
Жер түгіл аспаның да өзіңдікі, 
Қанатын күнге малып қазақ ұшқай. 
Жаһандасу дейтұғын жарғы шықты. 
салғаннан бара жатқан сананы ыстай. 
Қазақтық қасиетін сақтаса екен
Азаттық алған елім аза құшпай. 
Айбек, сен ақындардың біреуі едің, 
Қаттаса қараймайтын қазан ыстай. 
нөкерлерім бірдеме деп қалар деп, 
отырсың жан-жағыңа қарағыштай. 
екінші айналымынан өтем бе деп, 
ерініңді бересің жалағыштай. 
Құлынында жарысқан құнандармен, 
сен едің бауырынан жарағыш тай. 
тұйғындай тұғырыңды теуіп тұрсаң, 
мен қалай қасыңызда қалам ұшпай. 
Шеңгеліңе бірдеңе ілінсін де, 
Әйтеуір, далбалаңдап далаға ұшпай. 
мен сені бала кезден білуші едім, 
Жібектен бау тағылған бала құстай. 
Көз алдымда қанатың қатаюда, 
Бала құстай ақынның бәрі алыстай. 
Артық кетсең алдыма жалп етесің, 
Қанатына оқ тиген қара құстай. 
Айбек:
мэлс ағам мені ақынға баласа еді, 
Жекпе-жек қарсылас деп санаса еді. 
мэлстің шежіресін тындап болсаң, 
Айбектің жыры айтылсын жаңа тегі. 
екі шал, екі кемпір сұрап алған
тірлігі бұл мэлстің тамаша еді. 
Аталары отан соғыс ардагері, 
мэлстер жолын қуса жарар еді. 
ұятқа қалдырмай сол аталарды, 
Әскерге барып келсе тамаша еді.


128


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет