120
Қазақ өнерінің антологиясы
ерденнің көк байталы бірінші кеп,
үш жүзге тұлпар болып танылуда.
Құттықтаған қазақтар қаумалап кеп,
ерденге екі бастан жағынуда.
Жанарынан жас бүркіп сонда ерден,
түсініксіз түсіпті қамығуға.
оқиға болған кезде бесін еді,
ерденнің өзгеріпті хош реңі.
Бұл жайды түсінбеген басқа халық:
«Басқа
неге тепті, – депті, - несібені?»
Жүрегі қан жылаған қасіреттің,
Жұмбағын ерден былай шешіп еді:
«уа, халқым, сандыбай – менің әкем,
Бір жыл бұрын бақиға көшіп еді.
үш жүзге сауын айтып ас бергіздім,
өйткені, барлық қазақ досым еді.
сол асқа қарақұрым жұрт жиналып,
менің мынау мейірім өсіп еді.
Ақындарын
әкеліп айтыстырып,
Аттарын аламанға қосып еді.
ұлы жүздің немесе кіші жүздің,
Аты келсе деп көңілім тосып еді.
Бірақ менің байталым келгендігі,
Көңілімді су сепкендей өшіреді.
Әкемнің даңқы алысқа кетпей қалды-ау,
Астан күткен арманым осы ма еді?
Бәйгені өзім тігіп, өзім алсам,
Бұл жайды аруақ қалай кешіреді?» –
деп ерден
көзінен жас парлатыпты,
сол әңгіме түсіп тұр есіме енді.
ең алғаш мен айтысқа шыққанымда,
тұсауымды осы мэлс кесіп еді.
махамбетке арналған бұл айтыстың,
Бәйгесі мәртебесін өсіреді.
сол ердендей ірілік таныта алсаң,
реті келіп-ақ тұр осы жолы.
Мэлс:
Қара өлеңді ақтарсам,
Қаймағын одан, ағайын,
121
Айтыс VI том
Қалқып алған жақсы ғой.
Ағайыныңның алдында,
өлеңіңді төкпелеп,
Аңқып алған жақсы ғой.
Шабыт
келіп отырса,
Шалқып алған жақсы ғой.
ерден жайлы аңыздың,
Айтып өттің сұлбасын,
Аталардың артында,
нарқы қалған жақсы ғой.
Аңызбен басты қатырмай,
Бос сөзіңді сапырмай,
Қолдан
келсе бәйгені,
тартып алған жақсы ғой.
Аз сөз – алтын, көп – күміс,
Айналайын, дәулетжан,
Аз сөзіңнен айырып,
Қатық алған жоқсың ғой.
исатай мен махамбет,
Кенесары, наурызбай,
заманынан сөз қозғап,
Шабытыңды дегенмен
Шақыра алған жақсы ғой.
енді
біздер тұрмасақ,
мына ағайын өкпелер,
сахнаны бір өзің,
сатып алған жоқсың ғой.
Достарыңызбен бөлісу: