Айтыс VI том



Pdf көрінісі
бет52/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   162
Қазақ өнерінің антологиясы
мэлс-ау, қатты кетсең жаңыласың, 
мұнайыңмен жеңерсің саны басым. 
дауыссыз-ақ мэлстің бітірейін, 
мен бүгін жекпе-жекте шаруасын. 
Алаштың сөзін сөйлер ақ тұйғынды, 
Қара құс, мара құс деп не қыласың. 
Байқаймын қатты айтатын шырайың бар, 
Әрине бұл айтыста сен жеңесің, 
сүйенген артыңызда мұнайың бар. 
Жалғыздық жары құдай демейді ме, 
Жаратқан бола берсін лайым жар. 
мұнайыңнан қорқатын мен емеспін, 
сыйынған жалғыз Алла құдайым бар. 
Қара өлең қазағымның қарт өлеңі, 
Бабамның мұра болған салт өнері. 
Кешегі дулаттардың зар заманы, 
Бүгінде де кезіп жүр ғой әр төбені. 
зиялылар ала ауыз, бірлігі жоқ, 
Қазақтың құлазып тұр мәрт өнері. 
тілімнің де тірлігі ділгір қазір
Берсек те мемлекеттік мәртебені. 
дініміз де құлашын жаза алмай тұр, 
табылып секталардың бар керегі. 
мешіттің тамыр тартпай бәйтерегі, 
Шіркеудің көгеріп тұр тал-терегі. 
Бұл қазақ зарлаудан бір арылмады, 
Аузыңды ашсаң қолқаңды шаң көмеді. 
Көсеп-көсеп жіберсең көмейінен, 
запыран құсып заманым зар төгеді. 
Бұл мэлс өкпелейді-ау бұл кім десем. 
Алауыз, бірлігің жоқ тындың десем. 
ру-руға бөлініп, ыру-дыру, 
зиялыңның әрқайсысы бір-бір көсем. 
үш жүзі бар, қожасы, төресі бар
Бір күн үшеу болғанда, бір күн бесеу. 
осындай рушылдықты тыймасақ біз, 
Жас ұрпаққа болмай ма үлгің мешеу. 
Баспасөздің бетінде дау қаптады, 


129
Айтыс VI том
Жарасады бұл жайды қырғын десем. 
Бірінің бірі артын түртпектеген, 
Әр қазақтың қолында бір-бір көсеу. 
Ал мәке, қадіріміз қиын боп тұр, 
Әр ру өзінше бір ұйым боп тұр. 
Ауылдастың тайы озсын дегеннен де,
Аталас озсын деген ұғым боп тұр. 
Жүзге бөлінгендердің жүзі күймей, 
трайбализм ауруы дүрілдеп тұр. 
Беу, қазақ, үр ит, соқ деп айдап салып
Құлақтан шайтанымыз күбірлеп түр. 
осы дерт айтысқа да араласып, 
Айтатын ақиқатқа қырын кеп тұр. 
Қазақ деген бір ұлтты біріктіру, 
Жүз ұлтты басқарудан қиын боп тұр. 
осыны ойлап ініңіз алаңдады, 
Шерменде шерлі шабыт шабандады. 
сырттан келіп ешқандай жау алмайды, 
Біріксең қалаңдағы, далаңдағы. 
Бірлігіңнен айрылма, қайран қазақ
түйсігіңді оятып санаңдағы. 
Алты бақан, ала ауыз бола берсең, 
Қор ұлтқа айналасың табандағы. 
мерезді бойыңыздан сылып тастап, 
тазарсын күншілдіктің арам қаны. 
тозған қазды топтанған қарға жейді, 
Араздықты қой енді араңдағы. 
светқали ағамның бір сөзі бар, 
сезімімді серпілтер санамдағы. 
Қазақ деген бір елге айналғанда, 
ұлы елге айналады ғаламдағы. 
Мэлс:
Айбек-ау, тап болғасын борасынға
Әліңше қиырларды шоласың да. 
Айқассаң неге дұрыс айқаспайсың, 
сен бүгін ісіп-кеуіп толасың да. 
Бір теңеуді айтқанға бір сөз айтып, 
Жатпайды деп айтасың ол асылға. 


130
Қазақ өнерінің антологиясы
үстіңе ақ шапанды кигендіктен, 
Әрине ақ тұйғын боп шоласың да. 
Ал ертең қара шапан киіп алсаң, 
сен сонда қара тұйғын боласың ба? 
сен елге ақын болсаң көпірсің ғой
демеспін сөз білмейтін дөкірсің ғой. 
ырыстай ынтымағы бұзылмайтын, 
Қылыштай жетесінен жетілсін ой. 
Жүзге бөліп жатқан мұнда кім бар сені,
Біздерді қаратпайтын бетіңсің ғой. 
сен жұрттың жан жарасын қаси берме, 
Әрине әуелі Алла кешірсін ғой. 
Қайдағы-жайдағыны еске салып.
сен өзің жүзге бөліп отырсың ғой. 
танкімен жан біткенді жаныштаған, 
ол күндер бірте-бірте алыстаған. 
Аспанда аждаһамен айқасатын, 
талғатың қаршығадай қарыштаған. 
Қажымұқан сайып қыран самолеттің
тағдырын бір қазаққа табыстаған. 
Алақан жайып атақ сұрамаған, 
Бар ма екен Бауыржаннан намысты адам? 
ей, исатай сүйеубаев маңғыстаудан, 
отан үшін от кешіп алыстаған. 
Көңілін көрерменнің бүтіндейін, 
сыңғырлап сынық қоңырау жарытпаған. 
Жалынды сөзбен жауды жайрататын, 
Біздің ақын-жазушы қалыспаған. 
Ақынның ағасы бар, Асқар ағам, 
мұнай бер деп қаламын тағы ұстаған. 
Кавказ бен Карелия арасында, 
үн қосқан сарбаздарға салып таған. 
Әзілхан нұршайықов Баукең жайлы
Аңыз бен ақиқатты анықтаған. 
ғасырдың көзін көрген дихан бабам, 
Ананың аманатын сақ ұстаған. 
Жұбанның «Кекті жүрек» деп жазғаны, 
снаряд болып жауды жаныштаған. 
Шығыстың ұлдарына хат жазатын, 


131


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет