Айтыс VI том



Pdf көрінісі
бет50/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   162
Дәулеткерей:
мэлс-ау, неге маған бөтен дейсің,
Жай кезде інім дейсің, көкем дейсің.
Ағайынның алдына келген кезде,
өзің жақсы сезімді сетерлейсің.
дәулетті іске алғысыз қылып тастап,
Жалғыз өзің шауып-ақ өтердейсің.
Бұл бәйгені алмасаң осы жолы,
Атқа мініп, аттандап кетердейсің.
мұныңды, мэлс аға, жақсы дейін,
Әзілге ағам менің тапшы дейін.
інің де ілгеріге басып келед,


122
Қазақ өнерінің антологиясы
демесең бір өзіңіз «жатшы кейін».
сатып алған жоқпын ғой сахнаны,
сен дағы тізгініңді тартшы дейін.
мэлс аға, тұра-тұр қоштасайын,
Алдыменен еліме бақ тілейін. 
 2003 жыл.
МЭЛС ПЕН АЙБЕК
Мэлс:
Бәрі де өлең болса мен көргеннің, 
мен онда бақыттымын деумен келдім.
Алтай бесік, Атырау несіп болған,
Атамдай атанға жүк өңгергенмін.
маңғыстау майлы қиян жақтан шығып,
Каспийдің толқынында тербелгенмін.
оралға оқу іздеп келгенімде,
Жайықтай жайлы қиян ел көргенмін.
Алақанға қондырып ақын қылып,
Балапанға бірі еді жем бергеннің.
тілеужанов мәтжанның арқасында,
тіл менен әдебиетті меңгергенмін.
тұрсынбек Кәкішовке шәкірт болып,
ғылымнан алуан тарау жөн көргенмін.
махамбет өтемісов атындағы,
университетімнен жол көргенмін.
Айтыстың айдынына шыққандардың,
Желкенін көтеруге жел бергенмін.
студенттер бұртиып жүрмесін деп,
Бағасын қойып беріп дем бергенмін.
ей, Ассалаумағалайкүм,ағайындар,
Көтерген көк байрағын көргенді елдің.
елбасының елге айтқан жолдауына,
сіздерсіз бірі көңіл бөлгендердің.
Айтыс деген мәдени мұрамыз деп,
Алшаңдап ақ сарайға енгендердің.
Көңілі тау суындай тасып қойсын,
Біздерде қалмаймыз деп ергендердің.
Ақындар да аянып қалмайды ғой,


123
Айтыс VI том
сенімін ақтау үшін сенгендердің.
Алматым – жәннатым деп келіп тұрмын,
Көмбесін ашайын деп көрген жердің.
Алдына ақ жамбыны тастадындар,
садағын сайлап жатқан мергендердің.
Айбекжан, бірі едің ғой айтыстағы,
сөзден алтын айырған зергерлердің.
Астана байтағыңыз аман шығар,
Көңілін тойдыратын көргендердің.
Келінмен қоса ағарып қызығын көр,
Бауырыңнан балпаңдап өргендердің.
Қорғансаң, Қазақстан, қалқанымын,
сермесең семсер болып сермелгенмін. 
таразыға тартқанда қарамайсың, 
Қабағына әрине, кем келгеннің. 
Ағайын, жеңіс күні құтты болсын, 
өзіңдей жығылмаған өр кеудеңнің. 
осынау ұлы мейрам ашып берген, 
есігін ендіктер мен белдеулердің. 
үкіметің жағдайын жасаса екен, 
Қабырғадан қан кешіп келгендердің. 
Ақындардың аузымен дастан болып
тірілу үшін қайта өлгендердің. 
Шығыстың қос шынары деп атаған, 
мен батыр қыздарыңды төрден көрдім. 
Ақтөбе, Қобда ата мекенің ғой, 
Әлия еркелеген елден келдім. 
оралдан орамалы желбіреген, 
Хиуаз, мәншүк туған жерден келдім. 
Айбекжан, армысыңыз, айналайын, 
осы ғой шабыт туы желденген күн. 
Айтыс деген майданы ақындардың, 
ендеше жолын берсін жеңгендердің. 
Әруағы бір аунап жатқан шығар
Біздерге Берлинді алып бергендердің. 
Айбек: 
Ау, мәке, батыстағы дүр ме екенсің? 
Ағам боп құйылатын жыр ма екенсің? 


124
Қазақ өнерінің антологиясы
мәтжандай ағамыздан үлгі алсаң, 
соңына ұстазыңның құрмет ерсін. 
Батыстан кеп қалдым деп айтып жатсың,
Бабалардан сақталған сыр ме екенсің? 
махамбет оқу орнынан келдім дедің, 
Жарқылдар махамбеттей жыр ма екенсің? 
өмірбаяныңнан мэлс-ау бастадың ғой, 
«отанға» кірейін дер жүр ма екенсің?! 
Біссмілла, сөз бастадым Алла қалап, 
Арманың азат атқан таңға аманат. 
Алдыңа ақындарың тағы шықты, 
Айтыстың шаршы алаңын шаңға қамап. 
Ал мәке, айтысымыз айтыс болсын
телефонмен өлшенбей бар қанағат. 
Айтыста пұл сөйлемей тіл сөйлесін, 
Ақ сөзім Алла алдында арға аманат. 
Атырау, Алтай, Арқа аманбысың? 
Жетісу жерұйығың жанға жәннат. 
Ассалаумағалайкүм, рахматулла,
Алты алаштың ардағы ар ма, қазақ! 
Қағбаға тәуіп еткен мұхамметтей, 
Бас идім құзырыңа арда қазақ, 
Ассалаумағалайкүм, мэлс аға, 
сыйлайтын ағам едің арға балап. 
өнеріңді өр тұтқан өрен едім, 
сілтеген соңыңа еріп, таңға қанат. 
Ат-көлігің аман-сау кеп жеттің бе? 
Аман ба, батыстағы бар жамағат? 
Ақ жүзін қаймақ жағып, сүтпен жуған 
Аман ба, ақ жеңешем ғап-ғаламат? 
маңғыстауда алып ем ақ батасын, 
Әжеміз шауып жүр ме, сау-саламат? 
Ата-анаңның қолынан дәм татып ем, 
Аман ба, нұрлан досым сар домалақ. 
светқали, сабыр, Қалбай ағам қалай?
Бітіретін жырлары жанға қанат. 
өзіңізбен айтысу маған бақыт, 
Біткендей несібеме барға қанат. 


125


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет