МЭЛС ПЕН БАЛҒЫНБЕК
Мэлс:
ерекше болсын деймін бүгінгі өлең,
саудырап сары алтындай үгілмеген.
Ассалаумағалейкүм, Алты Алашым,
Алдыңда ақын бар ма жүгінбеген?
Армысың, Балғынбектей арыстаным,
Айтысып талай жерге барысқаным,
Қайысып қабырғасы бүгілмеген,
Жездеңнің жатқан жері жарық болсын,
Ажалға адам бар ма ілінбеген?
Ағайын бір өліде, бір тіріде,
дегендей көңіл айттым ырымменен.
Жүйріктей озып шыққан ортамыздан,
сүйріктей жігіт едің сүрінбеген.
ойласаң қызыл тілде шекара жоқ,
Қытайды ұштастырған Қырымменен.
оттығы еділдейін екпіндеген,
Қырымды ұштастырған ұрымменен.
Білекті бірді жығар білесің ғой,
сөйлейік мыңды жыққан білімменен.
ұстаздық атымызды ұлықтайық,
Жүргесін айналысып ғылымменен.
осындай алқа топты көрген кезде,
Жөн болар екеумізге мүдірмеген.
өмірге келу парыз, кету сүннет,
Болғасын құпиясы білінбеген.
ырысбай ғабдиевтей қайны атамыз,
Күй болып ғасырлардан гуілдеген.
153
Айтыс VI том
Күй-қағаны домбыра ұстағанда,
Пернесінде періште күлімдеген.
Араптың ханзадасы таңдай қағып,
Алдында Анталия міңгірлеген.
динаның оркестрін құрамын деп,
Күн бар ма Атырауда жүгірмеген.
Қазақстан қайғыңызға ортақпыз ғой,
Бүгінгі айтылғандай мұңымда өлең.
Алды пейіш ал енді, арты кеніш болсын,
деп тіледім Алладан шыныменен.
Күмбірін домбыраның сағынарсың,
дүлдүлің өтті өмірден дүбірлеген.
Балғынбек:
Ар ма, деп сөз бастаса Жүрсін көкем,
Алла деп атқа қонбау мүмкін бе екен?
ырысбайдай күйшісінен көз жазған ел,
Қайғыдан қарс айрылып жүрсің бе екен?
Жайықтан мэлс ағам келген кезде,
ғайыптан бәрі өзгерген бір түрлі екен.
Қара жер қанша жұтса тоймайтұғын,
дүние баяны жоқ жылтыр ма екен?
осындай тұрлауы жоқ тіршілікте,
дүниеге ие болып кім тұрды екен?
ырысбай ағам қадірлейтін кісім еді,
менің де жанарымда мұң тұр екен.
үйімде қонақ болып кетіп еді,
Алдыңғы жыл ма екен, былтыр ма екен?
Ассалаумағалейкүм, ағайындар,
Көңілің неге бүгін күрсінді екен?
мен бүгін ырысбайдың күйі болып,
Жүрегін миллиондардың дүрсілдетем.
мұңайып тұрып, қалай шабытты айтам,
от болып осы айтыста жанып қайтам.
Жездем үшін көңілді маған айтсаң,
мэлс аға, мен көңілді халыққа айтам.
Ал енді Алла жазса құран оқып,
Жайыққа бұйырған күн барып қайтам.
154
Қазақ өнерінің антологиясы
уағалайкүмассалам, мэлс қасқа,
Амал жоқ жекпе-жекте соғыспасқа.
Қаншама адуынды болсаңдағы,
ізет қылған ініңмен сен ұстаспа?!
Көңілі бір қазақтың баласымыз,
өмір бірге болса да өріс басқа.
өкпесіз қабылдайық өктем сөзді,
Қайтадан тағдырымыз тоғыспас па?
өткенде көрсетіп ең мұнай күшін,
Бұл жолы Құдай үшін теріс баспа.
Бола ма бір қыртысты тегістесем,
Бір Алла жар бола ма жеңіс десем.
Ассалаумағалейкүм, Жүрсін аға,
сағынып қалам сені көріспесем.
Қарағандыда айтысам деп қамсыз жүр ем,
өзің біл бұл сөзімді теріс десең.
ринат келіп тұрады, сара десем,
Айбек келіп тұрады мэлс десем.
мейлі Айбек болсын, ринат болсын,
Бәрібір оңайлықпен беріспес ем.
тамырдан қан, кеудемнен жан шыққанша,
сауытты шешінбеймін өліспесем.
орта жолдан отырсың қазы сайлап,
Әу, баста болар еді соны істесең.
дәл мұндай ырду-дырду болмас еді,
Жекпе-жектің шарттарын жөн істесең.
онсыз да айтыс жайлы айғай-шу көп,
Бірдеме бүлдіресің сен істесең.
Мэлс:
Балғынбек ұлтым деген ұлмын дейді,
Айтысып, арпалысып жүрдім дейді.
Басыңды олай бұлай қисайтасың,
Бір қызық болатыны қырғын дейді.
Жүрсін ағаң ақын ғой сен сияқты,
Жырлары жүрегінде ырғын дейді.
Қазылардың қадамы құтты болсын,
Хикаяға толы ғой бұл күн дейді.
ұмсынып қаршығадай қазды алмаққа,
Балғынбек алдыңызда назданбақ па?
155
Айтыс VI том
Қыздан алғыс, қарғыс ап келіншектен,
Жүруші ең саясы көп саздау жақта.
Айлалы ақындардың біреуісің,
Кетесің айқай-шуы аздау жаққа.
Бұл айтыс болғаннан соң айқай болар,
Көңілін көрерменің салған жоқ па.
Біреулер мұнай үшін жеңеді деп,
Біздің де мазамызды алған жоқ па.
Ағайын ажыратыр ақ-қарасын,
Айтылған сөзде сірә талғам жоқ па?
Балғынбек енді саған бірдеме айтсам,
ескіні қозғаудан түк шаруаң жоқ па?
серік Құсанбаевпен айтысқанда,
өзіңді «Жас алашқа» жазған жоқ па?!
Балғынбектің жеңгенін қалың қауым,
Бал ашып біле ме деп қалған жоқ па?!
газетте не жазғанын түсіндіріп,
Айтудан басқа сенің шаруаң жоқ па?!
Көзіңе түскендерді түртпектемей,
өзіңе қарайтұғын айлаң жоқ па?
орысша қыстырайын өзің құсап,
осыларды ойдайтын «мозгаң» жоқ па?
Жүретін жүрегім жыр, ән кеудем деп,
Ақындар сын айтқанға ар көрген жоқ.
сәкен ағам қазақтың мықты ақыны,
өлеңнен қашан ағам ай көрген жоқ.
інісіне ұрысса айып па екен,
тағы да осы айтысқа жай келген жоқ.
Жұтқыншағың бүлкілдеп отырсың ғой,
Шай емес алдыңызда май көрген боп.
Халықтың ықыласын көрмейсің бе,
демессің әр сөзіне мән берген жоқ.
Айтпақшы ұпай жайлы әңгіме бар,
сен айтқасын бұл жерде таң көргем жоқ.
телефонның біреуін саған берді,
Қоңырауды, кәнеки, шал бермен деп.
тағы да қасыңдағы жәшігің бар,
демессің оны-дағы аз берген жоқ.
156
Қазақ өнерінің антологиясы
Айбекпенен атақты айтыс болды,
оны бірақ ағаңыз шам көрген жоқ.
Бізідікін шуласа да жұрт көрді ғой,
сенікін сенен басқа жан көрген жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |