159
Айтыс VI том
Бұл мэлс не нәрсені ырымдайды,
ешқашан ақиқатқа бұрылмайды.
Шежіре
айтып кетесің айтыс сайын,
інілер оныңызды ұғынбайды.
Жек көрем деп ағасы қалай айттың,
Періште сәбилер де шырылдайды.
Жайықта жігіт еді мэлс әйбат,
Кейбіреу сөз айтады кеміс ойлап.
дауысын берсе, ел береді бұл мэлстің,
Кінәсі жоқ, жүрмейік теріс ойлап.
ғылымның кандидаты атағың бар,
мұныңды мойындайды тегіс аймақ.
Жинаған
даусыңа қарағанда,
насихатты жүргізген жеміс әйбат.
Кандидат боп сайлауға түсе қалсаң,
Жайығың жібереді сені сайлап.
мен ақымақ мэлспен айтысқанша,
Жүргенім жақсы еді ғой теннис ойнап.
Ханды айтасың, Жәңгірдей байды айтасың,
Айтысқа кеп қайдағы жайды айтасың.
суырып салатының жалғыз шумақ,
Айтысқа келген сайын шайды айтасың.
отырып шежірені шертіп кетіп,
саяси астары жоқ ойды айтасың.
Шырылдап елбасына
шындық жайлы,
Айтыста айтпағанда қайда айтасың?
түсінер жігітсің ғой сөз бағасын,
Шоқ түсіп шабыттансаң қозданасың.
Батысыңнан айналдым дауыс берген,
Кім жаман болсын дейді өз баласын.
өмірі саясатқа жоламайсың,
несіне шежірені созбалайсың.
мен саған енді бүгін бағыт беріп,
Аузыңа салайыншы сөз жаңасын.
саяси
белсенділік өршіп тұр ғой,
Партиядан партия қоздағасын.
160
Қазақ өнерінің антологиясы
сауатты жігітсің ғой сайлау жайлы,
мэлстің білсін халық көзқарасын.
Мэлс:
Балғынбек тілің сенің неге қотыр,
Білмеймін қай әзілдің себебі отыр.
мен шайды айтсам,
өзіңді ішсін дедім,
сондықтан әр сөзімді елеп отыр.
Жәңгірге айтқан датты айтып едім,
мен не дедім, домбырам не деп отыр.
Бұл Бәкең сөйлегенде тіптен батыл,
Білмеймін қай жағынан күш кеп жатыр?
Аман-есен барған соң ауылыңа,
Қайтадан келінжанды құш деп жатыр.
сайлау
деген саяси ойын болар,
үміткерлер қарасаң тіптен батыл.
Ақындар да айтыста бәрін айтып,
Әкімдерді шетінен түс деп жатыр.
Храпунов «жездемізден» бастап тұрып,
Аласы мен құласын түстеп жатыр.
Парламентте отырған депутаттың,
Бір-бірлеп тірсегінен тістеп жатыр.
Біз де сондай депутат боламыз деп,
Пысықтар жүгіріп жүр іскер, батыр.
сол пысықтар бүгінде
жанталасып,
Күзге қарай алмаға піс деп жатыр.
Піссең де, піспесең де содан кейін,
тезірек аузымызға түс деп жатыр.
демессің сен сөзімді пайдаландың,
отырып жайбарақат жай қарармын.
осындай қызық науқан келе жатыр,
дегендей қазығында айналармын.
Ал енді ойымызды сұрар болсаң,
мен қалай намысымды қайрамаймын.
солардың
мен сенбеймін біреуіне,
сондықтан да ешкімді сайламаймын.