Айтыс VI том



Pdf көрінісі
бет57/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   162
Айтыс VI том
Алдарыңда аңқылдап,
Біраз жерге барармын.
махамбет деп сен мені,
өсірдің бе, бұл қалай,
өшірдің бе, бұл қалай?
естіп қалды құлағым.
Әуелден жазған мандайға,
Жыр құйылған таңдайға,
мэлс деген атпен де 
Біраз жерге барармын. 
Қызыл тілім жосыла, 
өлеңімді заулатшы. 
Айтқанға түсінбегеннің 
Атынан түсіре аунатшы. 
Көрерменнің көңілін, 
Жауһар сөзге жаулатшы. 
сен де Айбек мен құсап
Ағайынды бауратшы. 
Бұл майданға түспесін, 
отырайық сәл жақсы. 
енді ағаң құйыла 
Әуеніне салмақшы. 
Күлдір-күлдір кісінетіп, 
Күрең тайдың ішінен, 
Бұрылғанын алмақшы. 
сирағынан сілкілеп, 
Бөлтіріктің апанға, 
тығылғанын алмақшы. 
Қанды ауыз жебенің 
Құрылғанын алмақшы. 
сөзбенен шарпып айтысқан
тарихында тартысқан. 
Бұрынғы өткен атаның 
ырымдарын алмақшы. 
Әжесінің жолына 
сары майдай сақтаған, 
Балқаймақтай баптаған, 
Қуырғанын алмақшы. 


144
Қазақ өнерінің антологиясы
тәуелсіздік алған соң
тәй-тәй басқан баланың 
туылғанын алмақшы. 
сыйынғаны пір Бекет, 
Бұйырғанын алмақшы. 
осылай деп жыр төксем, 
Айбек қалай қалмақшы, 
Қасыңа келіп сұлу қыз, 
Шай құйып беріп отырса
он саусақты жүгіртіп, 
олай бұлай ойнатшы. 
Бізде де сондай қарындас, 
тегі бөлек сол жақсы. 
екі сағат жетпейтін,
Қасыңнан ұзап кетпейтін, 
Шай құятын қыздардың 
зырылдағын алмақшы. 
Бәрін айт та бірін айт, 
тыпырлатып Айбектің 
тығындарын алмақшы. 
Айбек: 
өзіңше өз шамаңды шамалайсың, 
несіне бұл ініңді табалайсың? 
мұстафа ағамыздың анасы отыр, 
сән беріп ортамызда данадай шын. 
мейіріңнен айналдым қайран ана, 
Құшағыңа енермін балаңдай шын. 
мэлс болса толғауын тағы айтты. 
неліктен ана жаққа қарамайсың? 
Пір Бекет сенің де атаң, менің де атам, 
меншіктеп өзің ғана даралайсың. 
Жұдырықтай Айбекпен айтыстым деп
Аруақтарды несіне мазалайсың? 
Атыңыз оғаш екен мэлс деген. 
ұлтымның ұғымымен келіспеген. 
Атаңыздың еш қандай шатысы жоқ, 
орыс, еврей, грузин, неміспенен. 
Әз басыңа онан да алмайсың ба? 


145
Айтыс VI том
Адайды есім қылып Берішпенен. 
төрт кәпірдің бас әрпін арқалатып, 
Атыңды қойған екен теріс неден? 
оларың мэлс аға, қазақпенен, 
Байқасақ ештеңе алып беріспеген. 
соңғы екеуі қазақты қойша қырып, 
Бабалардың моласын тегістеген. 
солардың зардабынан өзің айтшы 
у бар ма сен ішпеген, мен ішпеген? 
өзгерді ауыл, көше аттары да, 
осылай түзеледі кеміс деген. 
махамбет деп атыңды өзгертейік, 
тірліктен қапы қалмай ел істеген. 
төрт коммунист өкпелер деп жүрсің бе?
тумысында жеті атаң көріспеген. 
мэлс деп есіміңді ту еткенсіз, 
Көңілін коммунистің гүл еткенсіз. 
Барлық ауыл, қалада ескерткіш боп, 
Қол шошайтып тұрушы еді гүр еткен күш! 
иншалла, азаттықты алғаннан соң.
Қалмады соларыңнан бір ескерткіш. 
Кешегі социализм заманынан, 
сақталған сіз ғанасыз ірі ескерткіш. 
маркс, Энгельс, ленин, сталинге, 
мәңгілікке қойылған тірі ескерткіш. 
Мэлс: 
Айбектер өлең айтса өндіргендей
сөзіне қалың елді сендіргендей. 
Костюмді қара жігіт не деп кетті? 
өзіңді келісімге көндіргендей. 
екеуі ана жаққа аттанады, 
Көңілін көрерменнің бөлдіргендей. 
Қайтейін атам қойған атымызды, 
Айтыста талай мені жеңдіргендей. 
сен менің қамымды ойлап не қыласың, 
Басыма қара бұлтты төндіргендей. 
Айбекжан, басымызды ауырттың ғой. 


146


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет