Айтыс VI том



Pdf көрінісі
бет64/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   162
Балғынбек:
Білуші ең сөз бағасын өзің беске,
Кей кезде көңілдер де көз ілмес пе?
мен саған қатты сөзді айтпас едім,
Қайтейін жүрегімнен сезім көшсе.
Хан ордасын шауып ал деп айтқаның,
өзің кеще емессің, сөзің кеще.
түспей тұр асығымыз мүлдем алшы,
Аңынан біз адасып жүрген аңшы.


166
Қазақ өнерінің антологиясы
ініңмен бостан-босқа тайталасып,
Болып отырсың, мэлс аға, кімге қарсы?
тілімді таптап кеткен ағаны айттым,
депутаттар болып жүр кімге қайшы?
Әлемде біз шығармыз сорлы халық,
мемлекет мемлекеттік тілге қарсы.
Жатыр ғой екеумізді уақыт сынап,
сен бірақ тұра алмадың жатып-құлап.
Кешегі ана тілді таптағандар,
түбінде анасын да сатып тынад.
өрісі тар болған соң ұяты жоқ,
Барлығы өзге тілде шатып тұрад.
Қазақтардың орнында шешен болса,
Қарсыны шеттерінен атып шығад.
немесе сыған деген қаңғыбас ұлт,
Көшеде алақанын жйып тұрад.
сығанша тіл білмейтін біреуі жоқ,
Жатқан жоқ өз тілінде оқып бірақ.
оларда бала бақша, мектеп те жоқ,
туған тілін көкейде тоқып шығад.
Парламенті жоқ тіліне қарсы шығар,
дәл бізден сыған халқы бақыттырақ.
Мэлс:
мінезі кей ақынның мақпал еді,
сөйлесе ел алдында тақтақ еді.
Парламент дегеніңнен шығарайық,
ол кеше жұрт алдында атпал еді.
сырт көзге өтірік дауыс бермеген боп,
Жерді де сол адамдар сатқан еді.
Бір байғұстың атына құжат жасап,
өзара бөлістерін тапқан еді.
мына жұрттың ашытып миын тағы,
Әр түрлі қорларын да ашқан еді.
төле би, Қазыбек пен Әйтекелер,
ондайға ауызыңды жап дер еді.
Халықтың несібесін жырымдаған,
ұрлаған дүниені тап дер еді.
Парламентте отырған біздің билер,


167
Айтыс VI том
ондайға сауысқандай сақ келеді.
Конверттің ішінен көрінбейтін,
оларға «доллар» дегенді ап береді.
Қасына «евроны» қосақтатып,
тағы да бірдемені сап береді.
Халықтан шыққан біздің «қалаулылар»,
осылай несібесін ап келеді.
«Халықтық театрда» ойнайтұғын, 
Құдай-ау, бұлар неткен «актер» еді?! 
сондықтан өз Алашым айбаттан да,
Қиялмен жерде жүріп, Айға аттанба?!
дейміз ғой болашақтан үмітім бар,
Құдай да бермейді ғой жай жатқанға.
Болашақ сайлауыңыз келе жатыр,
Барыңыз, намысыңды қайрап ал да.
ұрандатқан сөзіне сеніп қалып,
тағы бір су жұқпасты сайлап қалма.
саясатқа сенім жоқ, ағайындар,
Қайтадан бармағыңды шайнап қалма!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет