Қазақ өнерінің антологиясы
төрт кәпірді арқалап сен жүргендей.
Жүргесін тұғырыңа қонып көптен,
Көрермен отырыңдар болып көппен.
мына бір дауыс беру қызық болды-ау,
Көрсеңші қыздарды да өріп кеткен.
Костюмді ана жігіт жүгіреді,
түскендей өз-өзіне сеніп көктен.
Жұрттың бәрін екеуміз дүрліктірдік,
Біз бе екен бұл айтысты ерікті еткен.
Әрине, мэлс деген атымыз бар,
мен-дағы түскен жоқпын келіп көктен.
Әңгіме атымда емес затымда ғой,
Құдайым өлең жырды беріп төккен.
Әй, төрт кәпір деп несіне айта бердің,
Жүргендей соның бәрін көріп көптен.
Айбекжан, мен мұсылман болғаннан соң,
төртеуі де мұсылман болып кеткен.
дәстүрін даламыздың жатқа білген,
мақтансаң ұлтын сүйген мақтан ұлмен.
Кешегі менің батыр бабаларым,
тұлпар мініп, ту алып топқа кірген.
ерлігі білекте емес жүректе еді,
ойланбай отан үшін отқа кірген.
Аспаннан түскен бізге төрт кітап бар,
Айтайын білгенімді ақ көңілден.
мен оларды ғылымның жүйесі деп,
сол кезден тұрғызғанмын сапқа бірден.
түркілердің көз салсаң тарихында,
Жасампаз кезеңдерін жаттадым мен.
ескендір зұлхарнайын беті қайтқан,
Жолығып сыр бойында сақтарыммен.
теңдік бар жерде ғана елдік бар деп,
Күлтегін күмбірлеген асқақ үнмен.
Алтын тақты ұсынған ағасына,
Білгені көтерем деп шаш бауымен.
найзасында намыстың оты жанған,
тоныкөк табысқандай жас қауыммен.
Қарасор түрік дейтін қағанды айтқан,
147
Айтыс VI том
Фердауси «Шахнамада» басқа күймен.
сен алып ер тоңғаны білесің ғой,
Шабыттың көтергендей шашбауын мен.
Құмғу алғаш билеген тұман екен,
ел болып баталасқан басқа ауылмен.
тұманның үлкен ұлы мөде дейді,
Белге берен, білекке шоқпар ілген.
Астына тақ, басына бақ қонғасын,
Көкжалда еңірепті көкпар ілген.
дүнху моңғол, Хунну біз болғанда,
сақтармен туысқандық сапта жүрген.
Хуннулардан дунхулар жер сұрапты,
мөде хан ала қой деп, тақта күлген.
содан соң сұрап сұлу келіншегін,
оданда ұсыныпты жатқа бірден.
үшінші келіп одан жер сұрапты,
тағаның айналыпты тасқа бірден.
ұрпақтың несібесін бермеймін деп,
Аспанға бір қарғытып атқа мінген.
Айбекжан, сөйлемейсің аруақтанбай,
сөзіңде сары алтындай салмақ қандай?
сенің де дауысыңды санап жатыр,
Кетпесін деп білейік құр мақтанбай.
Ал енді саған бердік сөз кезегін,
өлеңнен жасын ұстап жайды атқандай.
Қашанғы сіз отыра бересіңіз,
Кремльді күзеткен солдаттардай.
Айбек:
Айтысқа қалай, аға, жағымды едің,
Байқаймын әдебиеттен тәлімді едің.
ежелгі әдебиеттен сабақ берем,
ондайды үйретпегін жаным менің.
Баңқу-маңқу бірдеме айтыңыз ғой,
малыңды сен іздедің бе, неғыл дедің?
мэлс деп атыңызды шақ қойғандай,
сөз айтайық халайық лап қойғандай.
148
Қазақ өнерінің антологиясы
затыңызға атыңыз сай келмейді,
тұлпарға есекбай деп ат қойғандай.
Ағасы қатты болды-ау кесіміңіз,
Аға боп алдан самал есіліңіз.
тілектес болғаннан соң айтқаным ғой,
Жаныңа қатты тисе кешіріңіз.
ініңіздің ілтипат тілегі бұл,
ініңе жабылмасын есігіңіз.
махамбеттен неліктен қашқақтайсың,
ұқсайды, байқап тұрсам пошымыңыз.
Жоқ, әлде, Фурмановтың көшесіндей,
иесін күтіп жүрме есіміңіз?
ініңе байқап тұрмын кең болдың ғой,
өзімнен дей алмаймын кем болдың ғой.
төрт кәпірді мұсылман қылдым дейсің,
осы жерден ағасы жем болдың ғой.
Көрге барып исламға қабылдайтын,
мэлс «суперпайғамбар» сен болдың ғой.
Мэлс:
Жыр төгіп отырғасын байтақ елге,
Көрейік сары уыздай шайқап елге.
несіне қазығыңды айналасың,
Алдыңнан керілгендей қайта керме.
сөз қылдың пайғамбардың есімін де,
оныңды отыр мына байқап ел де.
Қасиетті есімге «супер» қосып,
Шайтанның әңгімесін айта берме?!
Көп жайдың баян қылып бетін ашсам,
Ағайын сөйлеп кетсек кешір, астам.
тисе терек, тимесе бұтаққа деп,
Бос сөздң біздер үшін несі мақтан.
ертісім ер мінезді күркіреген,
есілім қыз мінезді есіп аққан.
Баяғы аталарым ат суарған,
еділ менен Жайығымда қосып аққан.
149
Айтыс VI том
таулардың талқан қылып босағасын,
Жетісу мақсатына жетіп аққан.
туына ту, суына су қосылған,
Қазақты айырмағай осы бақтан.
Айбекжан, сен інімсің ізімдегі,
ететін дұшпан күліп, досы мақтан.
Көкшетау облыстың орталығы,
Ән-жырмен таңдары атып, кеші батқан.
өзбектің жеріндегі ағайындар,
Көше алмай Көкшетауға басы қатқан.
үкіметтің сыбырлап құлағына,
Қайтеді осыларды қосып айтсаң?
өзің біл қосып айтпай, шошып айтсаң,
сізден келген бұйрықты орындаймыз,
сен мені айыптама тосын айтсам.
Афинаға дұрыстап дайындалсын,
тағы да баян қылып осыны айтсаң.
Күймеңдей күмбірлейді өлеңің де,
Билердей билік құрып шешіп айтсаң.
Қазақ деген кең қолтық халық еді,
есіркеп, жаурағанға есік ашқан.
Қысырақтың қымызын күрпілдетіп,
толтырып тай қазанға етін асқан.
ет піскенше бұл да бір ермек қой деп,
Шақшадан насыбайды шекіп атқан.
Айтпақшы мен ұмытып барады екем,
өлеңді төгемін деп, жосып айтқан.
екеумізге ел қарап отырғанда,
сақтасын секреттен, шоқырақтан.
Халықтың қаһарманы сен болдың ғой,
мен болдым әңгімені бостау айтқан.
Путинге «көше» береді деп естідік,
Құтты болсын айтайық осы бастан.
Айбек:
Ақынын халқым қалай желгізбейді,
Қалайша шырайыңды енгізбейді.
Арқада да асқар тау ағалар бар,
Путинге көше атын бергізбейді.
150
Қазақ өнерінің антологиясы
Көкшетауға оралмандар көше алмаса,
оларға да қиындықты көргізбейді.
Әйтеуір, мына бізбен айтысқандар,
үкіметті бізге айтып, төрді іздейді.
үкіметтің жаласын маған жаппа,
ол сені, мэлс бүгін жеңгізбейді.
Күнім азат, таңдарым жарық боп тұр,
Қалайша иманымыз арық боп тұр.
Бес жүз мың қазақ өтіп өзге дінге,
Кәпірдің жалған жолын танып боп тұр.
осыларды мұсылманға енгіз аға,
Әйтпесе, қазағымыз ғаріп боп тұр.
Азғантай тиын-тебен беріп қойса,
Қармақ қапқан балықтай қарық боп тұр.
«таурат» пенен «інжілді» уағыздап,
ұлтымыздың бетіне салық боп тұр.
Байқасаңыз, ағайын, кейбір қазақ,
тарысы піскендерге тауық боп тұр.
соларға хақтың жолын нұсқамасақ,
дінсіздіктен діншілдік қауіп боп тұр.
Қазақтың тас маңдайы мәңгі қотыр,
елімде өзге діндер салды топыр.
Алматыда екі жүз сектасы бар,
миссионерлер осылай лаң қып отыр.
санаңа мәңгүрттіктің торын құрып,
өрмекшідей шырмалап шандып отыр.
осыны көрсе-дағы көрмегендей,
үкімет бәрімізді таң қып отыр.
өзге дінді жіберіп бетіменен,
исламның басқан ізін аңдып отыр.
ұлтымыз неден бүгін ұтылып тұр?
миссионерлер сайрандап құтырып тұр.
Асыңды ішіп, тілгілеп киізіңді,
су ішкен құдығына түкіріп тұр.
Парақорлық, жемқорлық, нашақорлық,
Қорлықтардан күніміз тұтылып тұр.
иманға ұйып отырған ауылдарда,
дүмшелерім дүр болып ісініп тұр.
151
Айтыс VI том
ислам менен иманды хақ жол емес,
Жаназа шығару деп түсініп тұр.
Қазір де бес қазақтың бірі қажы,
Қажылықтың беделін түсіріп тұр.
Амантай көкемдердің қажылығы,
исламның абыройын түсіріп тұр.
Ал енді Қасимандай нағыз қажы,
ұлтына иман сұрап қысылып тұр.
Біздің қоғам осындай науқас қоғам,
Қан қысымы көтеріліп ысынып тұр.
ініңіз осыны ойлап өкінеді,
өзіңнен бір сұрақты өтінеді.
орал жақта дін жайына көз салсаңшы,
мекіреніп жей бермей бекірені.
облысыңның имамын естіп жүрміз,
зекет пен садақадан кекіреді.
Жергілікті газетпен арпалысып,
Аяққаптай болып жүр көкірегі.
машинадан машина ауыстырып,
Желге шашты ел берген несібені.
сөйте тұрып намазға келмейді екен,
Барар ем көлік жоқ деп өкінеді.
ресторанға барам деп әйеліммен,
газетке сұхбат беріп көпіреді.
иманға сәлде, шапан қажет жоқ деп,
өзінше «закон» айтып лепіреді.
орталық көшеңізде шіркеулерің,
Батпақтағы мешітке жекіреді.
түнгі клуб қаптаған оралыңда.
Алла үйіне орын жоқ несібелі.
Жоспарлаған мешітін Қырымбектің,
Жер жоқ деп, анда-мұнда көшіреді.
ресторанда сайрандап иманың жүр,
мешіттің жайы қашан шешіледі?
Шырынбектен сырғақтап құтылып ең,
нақты жауап бергейсің осы жолы?
Мэлс:
Айбекжан, алыс пенен жақынды айт та,
сөйткенде намысыңыз шатырлайт та.
152
Қазақ өнерінің антологиясы
өлеңнің жолы менің ұстағаным,
сондықтан сағасынан сатырлайт та.
Шырынбекке бергенмін мен жауабын,
түсінген адам оны мақұлдайт та.
ислам қағидасын білесің ғой,
молланың әнгімесін ақынға айтпа?
2004 жыл.
Достарыңызбен бөлісу: |