158
Қазақ өнерінің антологиясы
Аталардың аруағын ардақтаған,
ұрпағы соларға арнап ас береді.
«Хан емессің қасқырсың» деп айтатын,
махамбеттер не деген асқар еді.
Аталарға ұрпағы ұқсағасын,
Аузына ақындардың дат келеді.
ұрпағы өте тумай кете туып,
неліктен көңілдері пәс келеді?
онсыз да айқай-шуы аз емес қой,
Айдынға шығарғанмен ақ кемені.
Қарайтын қазағыңа дүбірменен,
Біреулер осы сөзді хош көреді.
Ар жағында АҚШ тұр айтақтаған,
оларға да белгілі тақ керегі.
орнына дұрыс адам отырмаса,
тақты да халық өзі қақ бөледі.
заманның қарап тұрсаң ыңғайына,
Қара болып барады ақ дегені.
Әрине, сөйлемесе қандай тойда,
мұндайда қызыл тіл мен жақ дегені.
Ақ патша сайлап қойған Жәңгір емес,
елбасы алты Алаштың асқары еді.
тәуелсіздік дейтұғын толғауменен,
Абылайға ұласқан дастан еді.
үш жүздің басын қосып біріктірген,
тәукедей тура жолға бастап еді.
Ақынның сөзі өзін көтерді ғой,
Қазақтың жайқалсын деп жас терегі.
нұрсұлтан емес қазір Жәңгір болса,
Айбектің басын қағып тастар еді.
Достарыңызбен бөлісу: