Мұхамеджан:
сөз күтiп отыр бiзден күтiмдi елiм,
Қалмасын iнiмiз де сыртын берiп.
сен менi Құнанбаймен салыстырма,
ол кеткен ер-тұрманы бүтiнделiп.
мынандай жаhил-надан заманында,
намаз оқып жүргенiме шүкiр дегiн.
Бүгiлмес жерде тiзе бүгiледi,
үгiлмес жерде тас та үгiледi.
Қыздың жайын таратып айтшы дейсiң,
саған ашып берейiн сырын ендi.
Батыстан келген дерттi бiлгендейсiң,
Бiлсең халқым, оған көңiл шын бөлгейсiң.
Жалаңаштық жан-жақты жаулап алды,
Кең көйлек киген қызды бiр көрмейсiң.
Алматыны аралап жүре қалсаң,
Көшеде емес пляжда жүргендейсiң.
Шеттерiнен жастарды шешiндiрген,
Шетелдiң модасына кiргендейсiң.
Әбиiрiн жаппаса әлгi жастар,
ертең елiм ұялып шын терлейсiң.
еркелердiң етегiн ұзартпасаң,
ертең елiм түзетiп үлгермейсiң
сүйекке басып жатыр батыс таңба,
Жарнама жауып жатыр АҚШ-тан да.
23
Айтыс VI том
ұмытып ұлтымыздың ұлылығын,
ұлықтар да ұқсайды шатысқанға.
сұрқия саясатқа сүрлеу боп жүр,
Жарайтын азаматтар атұстарға.
үйде отырып ұлдарың ұрандайды,
видикте боевиктер атысқанда.
Алыстан дiнiмiздi дiңкелеткен,
АҚШ-тан асқан, шiркiн, тақыс бар ма?
иiнiмiз түсiп бiр иiлемiз,
инвестиция сап бiраз қатысқанға.
Қоғадай жапырылдық баксы барға,
оу, халқым, осы бiзде намыс бар ма?
Бүгiнгi ақ ордаңды Астана дер,
Астана өз халқыңды басқара бер.
Қазақтан шыққан кезде қасқа нелер,
Болмасын Америка босқа бедел.
Батыстың батпағына батуы оңай,
сырт елден сақтанбаса жастар егер.
Құдай-ау өнегесiн кiмге үйретпек,
вьетнамға бомбасын тастаған ел.
Хиросима, нагасаки қалаларын,
Атомның уыменен ластаған ел.
Бiр кезде үндiстердi қырып салып,
Iзгiлiк, кiсiлiктен ақсаған ел.
АҚШ-тан үлгi алуды тоқтатпасаң,
үндiстердiң тағдыры басқа келер.
Айбекжан, айтысқанда бақ табайық,
Жымдағы жолбарыстай сақтанайық.
Әркiм өз иманына қарауыл боп,
өмiрлiк тiршiлiктi атқарайық.
мемлекеттi кiналап қоғамды да,
ол қыздарды бiз бекер ақтамайық.
Алматы – азаттықтың арнасы екен,
Ал, Астана Алматының жалғасы екен.
Астанадан келген соң тiлейiншi,
сен де ақын едiң ғой, жасқа бедел.
Жақсысын жұғысты ғып Алматының,
Жамандығын жапсырып алмаса екен.
24
Қазақ өнерінің антологиясы
сайн мен сейфуллиннiң өнегесi,
сарыарқаға өрнегiн салмаса екен.
орысшылдық дертi ендi осындағы,
Қазақтың жаңа ордасын шалмаса екен.
Қаланың құрылысына барған ақша,
Қалтаның қуысында қалмаса екен.
рушылдық, жүзшiлдiк деген бәле,
Бас қалаға бас сұғып бармаса екен.
Кеңестiк кезеңдегi алауыздық,
Ақмолада қауызын жармаса екен.
Астанада азаттық баянды боп,
ендi ешқашан Желтоқсан болмаса екен.
Айбек:
Бұл мұқаң айтып өттi ақыл-дастан,
Бұл ойың дұрыс болар мақұлдасқан.
Әрине, мына заман жаман болды,
таз сауға сұрағандай тақыр бастан.
мұқажан, тiлегiңе қосыламын,
Бақ тайып кетпесiншi бақыр бастан.
Азаттық алдық босап қан шеңгелден,
иншалла, шықтың бүгiн тар шеңберден.
өзiңнiң тiлегiңдi естiп мұқа,
өнеге естiп қалдым көргендi ерден.
Бiзге оңайға соққан жоқ тәуелсiздiк,
тарихқа көз жүгiртсек әр дөңдерден.
Азаттық алашыма арман болып,
сырым сынды қатептi нармен келген.
мөңке би мөлтiлдетiп көздiң жасын,
Шортанбай сарнап айтқан зармен келген.
Қос алып махамбет пен исатайға,
Баймағамбет жасаған лаңмен келген.
Жұрты үшiн ғазиз басын құрбан еткен,
Кемеңгер Кенесары ханмен келген.
Бекболат Амангелдi, Әбдiғаппар
Кейкiден аққан-нақақ қанмен келген.
Кешегi отыз бiрде аштан өлген,
Қазақтың көзiндегi сормен келген.
Алаштың арыстарын абақтыға,
мұртты көсем қаматқан тормен келген.
25
Айтыс VI том
Жүрегi жалын айтқан жастарымыз,
Желтоқсанда жiпсiткен тоңмен келген.
Ағайын азаттықты ардақтайық,
осындай қиын-қыстау жолмен келген.
дәл бүгiн жамағатым жайың басқа,
Құдайым бергеннен соң қайыр басқа.
Жетпiс жыл қамау терi алынған соң,
тектi жұрт тасқа салсаң тайынбас та.
еркiн ел боп өткiзген осы он жылды,
Бiр ғасырға бермеймiн айырбасқа.
Достарыңызбен бөлісу: |