Мұхамеджан:
ұзатып бұл айтысты мұнар белге,
Ақындарды ойқастап шығар демде.
Айбектiң отырысы қандай ғажап,
Жайғасқан хан ұлындай құранды ерге.
Астанадаң келдiм деп жырладың-ау,
мейiрiммен қараған мынау елге.
Айбекжан, ұзағынан толғадың-ау,
ұзатылар қыздай боп ұзақ жерге.
Пейiлiңдi ағаң бүгiн азық етсiн,
Аяқ-қолын айтыста созып өтсiн.
Бiр-бiрiмен жарасқан екі ақынның,
өрге қарай домалап тасы кетсін.
Қажымен қапталдастым деп отырсың,
осындай кездесудi тәңiр етсiн.
Айтыстан қанжығаңды майлай қалсаң,
саған да Алла қажылықты нәсiп етсiн.
сөздерiң кестелi екен кереметтей,
тыңдайтын соқыр тоқтап, керең өтпей.
Жырларың жұмыр шығып жұтынып тұр,
Бәйбiше бiлектеген текеметтей.
Күрiштен-ақ, күмiстен кiрпиязсың,
денесiн таза ұстайтын дегелектей.
тапқыр сөзiң талайды селт еткiзер,
Жуас атты тулатқан бөгелектей.
сахнаның төрiнен кете алмаспын,
Бесiгiне өлеңнiң бөлеп өтпей.
өзiңменен жымдасып отырайын,
Қалай айтам өлеңдi тереңдетпей.
11
Айтыс VI том
сүбелi ойым сiңiмдi болсын елге,
Қырғыз турап, қазақтар жеген еттей.
Қалайша жанған отты тұмшалайын,
тұрғыза бер сәулеттi жыр сарайын.
екеумiз сахнаға шыққанан соң,
Ақтарылар ақ маржан тұрса дайын.
Көкiрегiнде көмiлген қазына бар,
Жемiсiн жер жасырған қылшадайын.
үйiрiп әкеткейсiң тыңдарманды,
үйiрге жаңа түскен құлжадайын.
Бiр тоға, бiр қалыпты мiнезiң бар,
Қысы-жазы өзгермейтiн шыршадайын.
Бар жылуды бойынан өткiзсе де,
салқын қалпын сақтайтын шишадайын.
Жiбектей боп есiлген бұл iнiме,
Қаймақ жаққан қайыстай жұмсарайын.
егiздейiн жарасып отырайық,
теңiздейiн толқысып мұнша ағайын.
Жаспын деп айтысқанда жасымаған,
Жеке дара шықтым деп тасымаған.
Бау-бақшадай әлi де жайқаларсың,
Бауырың бүтiн боп тұрса, басың аман.
Құнанбай, Алшынбайдай сыйласалық,
Құландай бiрiн-бiрi қасылаған.
Көңiлiңе тәнтiмiн iнiшегiм,
өзiңдей болсын деймiн асыл адам.
маңызды пiкiрiңдi айт майлы сүттей,
Шiлденiң ыстығында ашымаған.
сонда елiңе аяулы болар едiң,
Баладай тымаққа сап асыраған.
Iнiнi итерейiн неге кейiн,
төбеме шықса ғана төпелейiн.
терек басын сипаған самал желдей,
Алақанға сап сенi мәпелейiн.
Көк құраққа көз тiккен жаман оймен,
тексiздiк танытпайын текедейiн.
Айбек сен тасты жарған тас бұлақсың,
мен сенi жылға болып жетелейiн.
12
Қазақ өнерінің антологиясы
Жомарт елiм кең құрсақ, кереге ғой,
Жақсыны көтеруге өте бейiм.
Керегеге байлаған уық құсап,
мен сенi шаңырақтай көтерейiн.
Айбек:
Құнанмын шаң шығарған сан алаңда,
Бiлмеймiн мұқа сендей бола алам ба?
ұзатылған қыздай деп айтып өттiң,
мұндай сөз сiзге мұқа, жараған ба?
мен өзiм ұзағынан көсiлемiн,
Шабатын ат болған соң аламанға.
Қажылық мұсылманға парыз болған,
меккеде қазақтан да көп iз қалған.
маған да қажы бол деп отырсыз ғой,
ұсынып дәстүрiңмен кең iздi алдан.
Адамзаттың бабасы Адам Ата,
Қажылық бiзге содан негiз болған.
Күндiз-түнi құдайдан кешу тiлеп,
Көз жасы көл боп ағып теңiз болған.
Ал бiзден кiм көрiнген барып жатыр,
сонысы құтқарардай көр-ызғардан.
Айтшы, мұқа, шариғатты жөндеп бiлмей,
Бiздердiң қажы болған немiздi алған.
тiл-тiрегiм болғанда, дiн-дiңгегiм,
дiнiмдi айтсам шығады мұңды үндерiм.
сыбағасын ит жеген аңқау елге,
Арамза молдалар көп бiр бiлгенiм.
өлiмдi жерге барып семiрiп жүр,
Аямай итше талап бiр-бiрлерiн.
тұтқасы дiнiмiздiң кiмде боп жүр,
Алланың сара жолын кiм демеп жүр.
Жаназа дегендi айтсаң жанталасып,
молдалар үлдеменен бүлдеде жүр.
Жаназа үшiн қырқысып бiр-бiрiмен,
Жортақтап күндiз де жүр, түнде де жүр,
Айтыстың жекпе-жегi бүгiн болса,
молданың жекпе-жегi күнде боп жүр.
Жүрекке пайда әкелмес ұшынған қан,
13
Айтыс VI том
дiнiңе әжептәуiр қысым болған.
Қарасудың мешiтi жабылғанда,
Қол ұшын қай мұсылман ұсынды алдан.
Алматының мешiтiн әзер бiттiк,
Әйтеуiр қыз болғандай қысылғаннан.
дискобармен көршiлес мешiттер көп,
секiлдi Iбiлiспен бiтiм болған.
дiн бұзар дүмшелерге сан жетпейдi,
Құдай атын жамылып күпiр болған.
сәндiкке сәлде тағып сайқалсыған,
серiлерге толып жүр бүкiл жалған.
иншалла, қажының да саны өстi,
меккеге күнде ұшақ ұшырғаннан.
Бiлмеймiн бағымыз ба, сорымыз ба,
Қазақтың қажысы көп мұсылманнан.
дiнiмнiң бәйге алмай жүр тайы қотыр,
Құранды молда бар ма лайық оқыр?
мешiт салсақ бiтпейдi дау-дамайсыз,
оған да мынау жұртым қанық отыр.
өзге дiн өкiлдерi шiркеулерін,
ешқандай айкай-шусыз салып отыр.
Iнжiлiн жұртшылыққа тегiн берiп,
Халықтың осал жерiн танып отыр.
Қасиетті Құранды саудаға сап,
Бiздiң дiн қай жыртығын жауып отыр,
дүмшелер молдалығын желеу етiп,
Пiтiр мен садақадан байып отыр.
Құйылған қаржы қайда кеттi десең,
Қу шөппен сүртiп аузын шайып отыр.
Құдайға ғана есеп беремiз деп,
тура жауап беруден тайып отыр.
осылайша бiздiң дiн Аллаға емес,
өкiметке алақан жайып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |