20
Қазақ өнерінің антологиясы
ол рас жетiм жайлы толғанамын,
ол барда қалай ендi жайланайық.
Асырап ал деп отсың жетiмдердi,
Жүретiн жiгiтсiң деп тойда байып.
Асырап алу емес,
алдыменен,
Жетiм қылмау жағын ойланайық.
Қоғамда құбылыс көп бой ықтырар,
саналылар сабақ ал ой ұқтырар.
Қыздардың да жайынан сөз қозғадың,
Құшағын нәпсiсiне жайып тұрар.
Құндақтан құрсақ қамын ойлайды екен,
Бас мүжiп бата берген байыптылар.
Алашым қалай ғана азып-тозбас,
Болашағың боп тұрса кәйiп құмар.
Әдемi
қыз әдебi болмаса егер,
Әсiре қызыл жiгiтке лайық тұрар.
Алдын егер алмасаң бұл аурудың,
ертең емi табылмас айықтырар.
ұятсыз қыз, иодсыз тұз секiлдi.
ұлтыңның ұлылығын жойып тынар.
Келсе де кiсiлiкке кезек мейлi,
үлкендер үлгiлiнi сөз етпейдi.
Қария жасындағы қасқа бастар,
Жастардың қамын ойлап мәз етпейдi.
ғалым мақаш тәтiмов зинақорды,
заңдастыру қажет деп өжектейдi.
Желiккен
жезөкшеге жәрдем берiп,
Қызойнақ үйiн ашу қажет дейдi.
Ата сақал аузына бiткен кезде,
Күнаhарды қолпаштап безектейдi.
телiменен тентектi тыймақ түгiл,
тексiзден түсер пұлды есептейдi.
еуропаға ес кетiп елiктердей,
Шалағай шалдарға осы не жетпейдi.
Қылышқа алтын сапты қын қылардай,
таппассыз қызды балдай, ұлды нардай.
төсегiнде
адалдық сақталмаса,
тектi ұрпақты туғызар кiм қырандай.
21
Айтыс VI том
Қырық үйден тыйымың болмаған соң,
Қыздарға отырмыз ғой дым қыла алмай.
Қодарменен Қамқаны құрбан қылған,
ұлылардан қап кеткен үлгiң қандай.
Жезөкшенiң желкесiн қиятұғын,
Жетпей тұр бiздерге де бiр Құнанбай.
Кешегi Құнанбайлар бұрқасындай,
салмақты болған екен кiр тасындай.
Арсызға қатал,
қатты болғанменен,
Халқына болған құстың ұлпасындай.
Қазыналы қарттарым бар ма қазiр,
Қасиетi сақталған құлпы ашылмай.
Ақсақалдың өнегесi болса егерде,
Қалмас ед қыз қысылмай, ұл тосылмай.
ермегi елге бөлiп,
жерге бөлiп,
Жүзшiлдiгiн және де жүр жасырмай.
сауап емес iздегенi сауна болып,
Алла емес, арақ-шарап шын досындай.
Балық өстiп басынан шiри берсе,
Қала ма ұлт тосылмай, жұрт жасымай.
үлкенге үлгi, кiшiге демеу болар,
Бүгiнгi қарияның сиқы осындай.
Айбек:
несiне
мәңгiрейiн жас балаша,
Айлаңды ендi мұқа, басқа жаса.
Жұртты ұйытып, ұлт мұңын айтып жатсың,
сайгез оқты себелеп сақ бабаша.
Ағайын мұндай қызық көрер ме едiң,
Жүрсiн ағам жетелi iс бастамаса.
мұртын балта шаппайтын мұхамметжан,
Жұртын жырға қарық қып тастамаса.
тағдырдың шырқалғандай тұлдыр әнi,
Қоғам да байқап тұрсам құлдырады.
заманның
заңы маған запыран боп,
Жүрегiм аласұрып ұмтылады.
мұқажан, саиндегi қыздарды айттың,
оған да менiң жаным қынжылады.
22
Қазақ өнерінің антологиясы
Жұмыссыз, ақшасы жоқ байғұстарға,
Айтшы ал, мейiрiмiн кiм бұрады.
саралап осыған бiр түсiнiк бер,
осының барлығына кiм кiнәлi.
Бұл заман баршамызға жағып тұр ма?
Бағдарлап құдай бiздi бағып тұр ма?
Әрине, жезөкшенi тиятұғын,
Құнанбай қазақтағы анық тұлға.
Құнанбай
боп тия алсаң жезөкшенi,
Бiреу сенiң қолыңды қағып тұр ма?
Достарыңызбен бөлісу: