19
Айтыс VI том
Жүрсе де жақсылықтың жолын бұзбай,
Болып тұр көпшiлiкте көңiл мұздай.
Ауылдағы ел абдырап айтып жатыр,
Жоғарыны қайтем деп жоным қызбай.
сөйтiп ел өкiметке сенбей жатыр.
Жiгiтiнен алданған момын қыздай.
Айбек:
Шамырқанып сөйлейiн шырайлана,
мұқажан, мен көнбеспiн бұл айлаңа.
дұрыс айтқан сөзiмдi терiс бұрып,
мұқажан тұнығымды лайлама.
Құдайға билiк еттiк деген жоқпын,
Балаймын тағы да мен мұны айлаңа.
Халыққа көз алдымда жалған айтып,
Күпiр болдың, маған да, құдайға да.
естiмесең қайтадан қайталайын,
Ал, ендi көңiлiңмен құлай қара.
Бiр кезде бiз бақытты халық едiк,
Билiгiн жүргiзе алған құдай ғана.
Жан бар ма замананың жайын аңдар,
мұнымды бәдiктiкке сайымаңдар.
Боз биенiң сүтiне шомылушы ед,
Шампанға шомылып жүр байығандар.
Қыздардың махаббатын саудаға сап,
Қойнында қалталының тайраңдар.
өмiрге нар ұрпақты әкелмейдi,
резеңке күйепенен қайығандар.
Ал, мұқа сөзден әлi танбайсың ба,
Айбектi ары қарай жалғайсың ба.
Жетiмдер деп жанымыз шырқырайды,
Бұл өмiрдiң көшiнен қалмайсың ба?
Айтыс сайын бәйге алған жiгiт едiң,
Асырап бiр-екеуiн алмайсың ба?
Достарыңызбен бөлісу: