Айтыс VI том



Pdf көрінісі
бет88/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   162
Жандарбек:
Жақсы әке талабыңды өсіреді,
Жаман әке қақпайлап өшіреді.
Әке, сен өз қамыңды қамдай бермей,
Бір уақыт ойлап қойшы осы мені.
мен жүрмін дағдарыстан қатын алмай,
Ал әкем жас тоқал деп есіреді.
Шалдың бәрі осылай жағаласса,
Балалар бақытынан кешігеді.
Алдымен кемпіріңді бағып алғын,
Көрпеге қарап әркім көсіледі.
Шешеміз тоқал жайын біліп қойса,
мәселеңіз май шаммен шешіледі.
Бір талдап жұлатұғын мұртың да жоқ,
мұрыныңды бұзады осы жолы.
Қараймын қарайғанға қабан ба деп,
Атымды қамшылаймын шабам ба деп.
осы айтысқа үш бірдей шал кеп отыр,
Көңілін көпшіліктің табам ба деп.
Амангелді ермегияев бірінші шал,
уайымдайды демеуші болам ба деп.
Жүрсін деген шал да бір уайымдайды,
Айтысты мен тірілтіп қалам ба деп.
Ал енді Айтақын шал уайымдайды,
Жас тоқал алмаймын ба, алам ба деп.
Әкетай, айтыс болса өліп барад,
Қалжыңдап саған не жоқ, маған не жоқ?


234
Қазақ өнерінің антологиясы
Әрине, жақсы өнерді үйренеміз,
ел-жұртқа да езуден сый бөлеміз.
Бас кеспек болсадағы, тіл кеспек жоқ,
Айтшы, әке, неменеге именеміз,
Шындықты шырқыратып айтайықшы,
Қалжыңдасып алармыз үйде де біз.
саясат тауысқан соң сабырымды,
Баса алмас енді ешкім кеп арынымды.
мен сіздерге айтайын жалғыз дерек,
дауылпаздай естіртіп дабылымды.
Қытайдағы қандастар құрмет жасап,
Айтысты ардақтайды әлі күнгі.
өткенде айтыс жайлы кино жасап,
таусылмас түсіріпті тағылымды.
үкімет тоғыз миллион қаржы бөліп,
дамытыпты әдеби жанрмды.
Пекинде сол киноның ашылуы боп,
Қысық көздің қылыпты бәріне үлгі.
Қытайлықтар түрегеп қол соғыпты,
мойындап қазақ сенің дарыныңды.
Ал бізде кино жасау былай тұрсын,
Қазақы бұл өнердің халі – мұңлы.
Айтысты экраннан алып тастап,
дөкейлер жөн көріпті жабылуды.
Қайран менің айтысым, байқұсым-ай,
саясат қиып бітті тамырыңды...
саудабаев шығарып жаназаңды,
Құл-мұхаммед қазып тұр қабіріңді.
Қазақтың билігіне таң қаламын,
Қытай құрлы білмеді-ау қадіріңді?!
Ақын менен жыршыға бай қылғасын,
өнер өлді деп қазақ қайғырмасын.
Бәйгеге шауып жүрген жүйріктерді,
Ақылы жетсе, билік сойдырмасын.
Әкетай айналайын сен де аман бол,
ешкім сені тағыңнан тайдырмасын.
Жандарбек әкесімен жарысты деп,
Біреулер күпірлікпен ой қылмасын.
Қазақтың қазақтығын дәлелдедім,


235
Айтыс VI том
сахнада сізбенен сай қылғасын.
сізге деген алғысым шексіз менің,
Құлынымнан өсіріп тай қылғасын.
Әкесі өлген балаға біздің қазақ,
Жегізеді деуші еді, қойдың басын.
мен жемей-ақ қояйын, қойдың басын,
өзің бастап жүре бер тойдың басын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет