Айтыс VI том



Pdf көрінісі
бет89/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   162
Айтақын:
Әйел жайлы айтпайды әлемде кім,
Әйелдерді қоспаған өлеңге кім?
Жас тоқал әперем деп айтып алып,
Артынан түген дедің, пәлен дедің.
Кемпірімді кеміріп жата берем,
тоқалдан да жоқ енді дәмем менің.
уәде беріп алып тайып тұрар,
«нұр-отан» екеніңді дәлелдедің.
Әке – шаңырақ, ал бала – кереге екен,
екеуі бір отауға керек екен.
Айналайын, қарағым, бері қара,
мен саған, тарихтан сыр дерек етем.
Бір кездегі бала Абай, Құнанбайға,
өзінің ойын айтып келеді екен.
– Әке сізден оздым ғой білім алып,
сізден менің зейінім зерек екен.
деген сөзге Құнанбай ашуланбай,
Жауабын салмақтырақ береді екен,
– Құлыным, Құнанбайдай болу үшін,
– Абайдай бала таптыр, деген екен.
енді мен саған қарай бұрылайын,
Бұл бала мәмілеге келе ме екен?
Бір сауал тағы саған мен тастайын,
Білімің менікінен бөлек екен.
Бұл айтыста сен жеңдің бе, мен жеңдім бе?
екеуімізді сынаған өлең екен.
Көп алдында көрейін сауал тастап,
Бұған енді Жандарбек не дер екен?
Жандарбек:
мен неге керегедей керілмеймін,


236
Қазақ өнерінің антологиясы
елдің сөзін сөйлеуден ерінбеймін.
Жеңдің бе, жеңілдің бе деп сұрайсыз,
Жаңағы сауалыңнан шегінбеймін.
сөзіңізге астарлап жауап берем,
Қалайша мәре жақтан көрінбеймін.
Әкемнен жеңілсем де осы айтыста,
Шешемнің күйеуінен жеңілмеймін.
мінеки, біздің айтыс тәмам болды,
Батпаққа тастамассың балаңды енді.
Жеңдім бе, жеңілдім бе біле алмадым,
Әйтеуір шайқасуға шамам келді.
Айтақын өз баласын жеңді ғой деп,
Біреу іштен дауысын саған берді.
Жандарбек өз әкесін жеңді ғой деп.
Біреу іштен дауысын маған берді.
Бұл айтыста өзімді емес, сізді де емес,
Ардақтап айтпаймын ба анамды енді.
Бір емес, екі ақынды баптап жүрген,
Әкетай, бұл айтыста мамам жеңді. 
 2010 жыл. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет