241
Айтыс VI том
теңеуіңді төбемнен қойдың ірі.
Құлағы есерліктен едірейген
не дейді маңғыстаудың май мұрыны.
Артық ет, ащы тері сыпырылған
мен едім сарыарқаның сәйгүлігі.
Ал нұрлан шабан аттай шатқаяқтап,
Артынан қалып жатыр айғыз ізі.
тұлпардай кісінеймін дегеніңмен,
Көмейіңнен шығады қойдың үні.
сен
бірақ не десең де бәрібір ғой,
өмірде жоқ адамсың қайғы мұңы.
Қазақтың тарихында сен ғанасың,
Аузы емес бұты қисық байдың ұлы.
досымды домалатпай әрлі бері
Байрағымнан бастайын әңгімені.
Бабаларым бөрілі байрақ ұстап,
Қалғанынша қорғаған соңғы демі.
Айтыстың ақ жалауын желбіреткен
Ақында сүйінбай мен Жамбыл еді.
Батылдықтың
байрағын бек ұстаған
Батырда сұраншы мен саурық еді.
осылардан тікелей тамыр тартқан
елбасының жолы да даңғыл еді.
Азаттығымды алғанда бүкіл қазақ
Ақ киізге көтеріп, хан қып еді.
сол кісіні ұлықтау рәсімінде
Бір оқиға біздерді таң қып еді...
елбасы қапталында тұрған тудың
Құлап бара жатқанын шалды көзі.
Басқалар
есеңгіреп, есі шығып,
ту кетті ау деп жылапты жан жүрегі.
Жағдайды дер кезінде бағамдаған
Әбішұлы атадан алғыр еді.
«ту құласа қазақтың өлгені» деп,
орнынан ұмтылыпты қарғып өзі.
Шын мәнінде байланған сол байраққа
Келешек күллі Алаштың тағдыры еді.
Байрақтың басын жерге тигізбеген
сондағы елбасының нарлығы еді.
242
Қазақ өнерінің антологиясы
содан бері көтеріп келе жатыр
Бар қазақтың үмітін жалғыз өзі.
нұреке, түсінерсің нұсқауымды,
спортқа оятайын құштарыңды.
Қашанғы ақынмын деп шіренесің,
Қысыр сөзге толтырып тіс жағыңды.
Білегіңнің бұлшығы бес батпан боп,
Қайтейін қу қарағай құшқаныңды.
Басқа
жұрт дәл өзіңдей балаларын
Штанга көтеруге ұста қылды.
өзіңнен де кішкентай ильинге де
Қазақты қуантатын іс табылды.
«Әлемнің чемпионы» деген медаль
мойынына бір емес үш тағылды.
Ал сен болсаң әншейін қор ғып жүрсің,
Бойдағы Құдай берген күш қарымды.
есің барда спортқа бармайсың ба,
Жазда ойласаң өлмейсің қыс қамыңды.
Ақылымды тыңдасаң атлет бол,
сонда ғана жеңесің дұшпаныңды.
Әйтпесе дәл осылай жүре берсең,
Жалғастыра бересің қысқаруды.
ойың
жеткен жеріңе қолың жетпей,
игере алмай қаласың іш қарынды.
Штанганы көтеру былай тұрсын,
Көтере алмай қаласың штаныңды.
Достарыңызбен бөлісу: