Айтыс VI том
ортасында сондай қып,
Айтысты балап жүресіз.
Бұл өзі қазақ-қырғыз дегеннің
ежелден бері салты бар.
Ақындар айтқан ақиқаттың
ежелден бері даңқы бар.
өткенде болған айтыста
Қазақтың ақындары келісті.
Айтулы «Хабар» телеканалдан
Қатырып жырлап берісті.
мен түгел сөздің айтайын
Ашығын анық негізгі.
Әлбетте мен тілекпен
Құттықтау айтып келгемін,
Көксеген жоқпын жеңісті.
мұны айтып жатқан себебім,
Ашығын айтып беремін.
ілгеріде қырғыз деп айтқан,
ілгеріде қазақ деп айтқан.
Айналайын бауырлар,
Білесіздер нені айтқан.
Қазақ пенен қырғызды
Бір туған болад деп айтқан.
ежелден біздің бабалар
дәл осы жайды көп айтқан.
Қолымдағы қобыздың
үш ішегі, қылы бар.
Бірі болса – ұлы жүз,
Бірі болса – орта жүз,
Бірі болса – Кіші жүз,
Бауырым мұны біліп ал!
Ана сен де домбыраңның ортасына
орта жүз қылып, тағы бірін
тартып тұрып тігіп ал.
Айналайын, бауырым,
осы ынтымақты,бірлікті
Ақындар шығып жырлады.
«Қырғыздар бізге дұшпан» деп,
Қазақтың ақындары жырлады.
сондықтан да Қырғыздар
252
Қазақ өнерінің антологиясы
Қанша бауырларды (илады)
сол кезде қазақ бауырдың
Қырғызға айтқан «сыйлары».
Қазағым, менің асылым,
Қандасым, бауыр, жақыным.
Қазақты жаман дей алмаймын,
мен ақынын айтып жатырмын.
Алғыс алам десе елінен
ол ақын байыту керек ақылын.
ел деген халық – таразы,
елекке салшы ақынын.
туралап таңдап алсыншы
тұлпары менен қашырын.
Қарашы, айналайын халқымнан,
достықтың айтпайды мәнісін,
Қастықтың айтып жатады,
ол түгілі ринаттай болған ақының.
сен жаңа ринат деп айттың,
Бас амандық қып үш күнге
демалуға қазаққа,
Келген бе едің деп айттың.
Басың аман өскен соң,
Ал, бауырым оны неге айттың?
Баяғы сексен алтыншы жылдары
Аалының көңілді бұрғаны.
Алматыдай қалада,
Желтоқсан айы болғанда,
Қылшылдаған суықта
Қыршындай жастар тоңғанда.
о, сонда да қырғыздар
Аттанып сонда келгені.
Қазақ менің бауырым деп,
Қазаққа жәрдем бергелі.
Жәрдем берген қырғызды сен
Жаман дейсің неге енді?
Болмаса отыз екінші жылдары,
тарихи шындық бұл-дағы.
сонда білесің ғой қазақтың
Басына қиын күннің туғаны.
сонда қазақтардан
253
Айтыс VI том
Бір жарым миллион адамдар
өліп кеткен шағында.
Бейнетті қанша туған
Көріп кеткен шағында.
Бір туғаным еді деп,
Қырғыздарға барды-еле.
Жәрдем беріп қырғыздар
Қазақты сақтап қалды-еле.
сонда қазақтар үшін қырғыздар
Барларын садағаға шалысқан.
Қазағым менің бауырым деп,
Аямай жәрдем беріп қырғыздар
Бауырға басып алысқан.
Ал, сен қырғызды дұшпан дейсің бе?
Бұл жерде тұрып алыстан.
Қырғыздар үшін қылдай да
Жақсылық жоқпа ішіңде?
Қырғыздар бізге дұшпан деп,
Бауырым, келмегін ондай бітімге.
Әлбетте, Құдай тағы күш берсін,
Күш болсын тағы күшіңде.
«Жаман» қырғыздарды сен
соншалық жаман деп түсінбе.
ең негізгісін айтайын,
Қырғыздар бауыр бір туған.
Бауырым, ішіп жүрген
Жаңағы бұлағыңа түкірме.
Ринат:
Қырғызға жауап берсе шырқар ұлың,
Жаныма шабыт берер бір тәңірім.
«Боксқа шыққандайын бұлдандың» деп,
мынаның көрдіңдер ме бұрқануын.
Бауырым, мен әу бастан осындаймын,
өйткені ұлылардың ұнтағымын.
Қырғыздың он батырын жекпе-жекте,
Жеңіп кеткен Қабанбайдың ұрпағымын.
Бауырым талай-талай жыр арнайды,
түлкінің құйрығындай бұлаңдайды.
254
Достарыңызбен бөлісу: |