Айтыс VI том



Pdf көрінісі
бет93/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   162
 
Нұрлан:
мен саған бір сауалды індетіп ем,
салып жатқан жоқпын деп, күнде түрен.
сіріңкемен секіртіп, бұл нұрланды
сырықтың айырмақсың міндетінен.
Әжептеуір қызмет сыйлап едім,
Бұл бала көктемейді ау бұл бетімен.
Айрылайын деп отсың екі арада
нұрланға сырық болу құрметінен.
сөзіңнің бірі мінеу, бірі сынау,
өзіңнің ойлауыңша ірісің ау.
Борсық дейсің, біресе торсық дейсің,
Бүйткен сенің құрдастығың құрысын ау.
Борсықты ұрған сайын семіреді,
осыны айтқан қазағым ұлысың ау.
тулап алып қашатын торсық көрсе
Жал біткен жаман аттың бірісің ау.
оттар бар жанбай жатып сөніп жүрген,
гүлдер бар екпей жатып солып жүрген.
Бикештерден қорқамын, рұқсат алып,
дос қызының үйіне қонып жүрген.
Қайғы бар төбеңнен де, төменнен де,
оң-солың, алды-артыңнан шолып жүрген.
Ата ана көп, қызының шет тілдерді
оқығанын жақсыға жорып жүрген.
Шетелдік шенділерге тілмаш болып,
солардың дегеніне көніп жүрген.
Қайдасың, рухы биік қазақ қызы,
Желтоқсанның желіне тоңып жүрген.
сәбира, ләззаттар екі тумас,
ұлтының намысы үшін өліп жүрген.
Кейбір қазақ қыздары қынжылтады
Келімсекке келіншек болып жүрген.
 
Еркебұлан:
осындай қайшылықта тулайды өлең,
дейді ғой жайшылықта тумайды өлең.
Жоныма жал біткелі жиырма жыл,
содан бері ешкімнен қыңбай келем.


247
Айтыс VI том
Бүгінгі азаттықтың айтысында
торсығым тесілгенше тулай берем.
Басыңа азық болып, бірер күнгі ой,
өлеңіңді бір емес мың өрдің ғой.
нұрлан ау, байдың ұлы деген сайын,
ойыңа келгенді айтып, шірендің ғой.
түйені де сөз қылдың, тышқанды да,
енді келіп, жылқыға тірелдің ғой.
тәп тәтті азаттықтың бұл айтысын
Әп сәтте зоопарк қып жібердің ғой.
Басымнан арылғалы құлдық сана,
Көргенім тату тәтті тірлік қана.
Бұл күнде бүкіл әлем шалдығып жүр,
Алауыздық дейтұғын бір жұқпаға.
Құдай үшін күрескен мұсылманға
мұнай үшін соғысу сұмдық шара.
Ал бізде Құдай да бар, мұнай да бар,
Шүкір, елім өсіп жүр, жым жырт қана.
Ал, нұрлан, енді біз де дос болайық,
Бай баласы дегенге мүлгіп қалма.
мұнай да емес, газ да емес, көмір де емес,
Бүгінгі басты байлық бірлік қана.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет