Айтыс VI том



Pdf көрінісі
бет94/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   162
 
Нұрлан:
Жан досым, жаның жырға шөл болмасын,
даңқыңнан менмендігің зор болмасын. 
үйіңдегі үш балаң аман болып,
Кенжегүл, Кенжебегің сол болмасын.
тіліңе тіл, көзіңе көз тимесін,
Арғымағым, алдыңда ор болмасын.
Жүсіпке сынақ үшін дидар берген,
Ақындығың өзіңе сор болмасын.
Жаратқан, жанымызды жайната көр,
Ақынның қызыл тілін сайрата көр.
еркіндікті осылай тойлата көр,
Жүрекке иман нұрын бойлата көр.
Желіге жетпіс құлын байлата көр,
төріңе он бес бала ойната көр.


248
Қазақ өнерінің антологиясы
Бір Алла, дос түгілі дұшпанға да
Қазақ жайлы жақсы ойлар ойлата көр.
2011 жыл.
РИНАТ ПЕН ААЛЫ
Ринат:
Бісміллә жаңылдырма, құбыламнан,
Жаныма жәрдем берші, бүгін Аллам.
Қазағым, қалың елім аманбысың,
Қызы айнымас ботадан, ұлы нардан.
Бар әлем көз ала алмай қалсын енді,
Шаттығын шашыратқан шұғылаңнан.
Бұл менің тәуелсіздік алған күнім,
сан ғасыр бабалардың мұңы болған.
Жалған сөйлеп, жағымсып не қылайын,
Ақ сөйлеу қалған дәстүр ұлылардан.
Жиырма жыл толды дейді бостандыққа,
дей алар кімдер бүгін мұны жалған.
Бірақ кеше сексен алты – Желтоқсанда,
Қазағым қолға рухтың туын алған.
ендеше, тура жиырма бес жыл бұрын,
елім егемендігін жұлып алған.
Ассалаумағалейкүм, Қазақстан,
өр намыстан соғылған ұлы қорған!
Кез келді басты бәске тігетұғын,
Құрыққа құтырғанды ілетұғын.
Қырғыз бауырым, қош келдің елімізге,
тұлпарын тәуекелдің мінетұғын.
еліңдегі атыс-шабыс, төңкерістен,
демалуға келдің бе, бір-екі күн.
Қазақтың ақындарын жамандайтын,
мықтының көріңіздер, міне, түрін.
сен емес пе ең, біздерді интернетте,
Білімсіз, ұятсыз деп күлетұғын.
Қазақтар қырғыздардан тарайды деп,
Қайдағыны әңгіме қып жүретұғын.
Абылай-ханды Бұхар жырау азғырған деп,
сөз айттың намысыма тиетұғын.


249
Айтыс VI том
Құдайдың шүкіршілік әмірімен,
туды ғой жауап берер міне, күнің.
зайыттың немересі сілкілесін,
сайттың сайыпқыран бұл өкілін.
Қырғызша түсінікті қылып айтсам,
екі бұтқа кигізейін бір етігін.
Алқалы топтың алдында,
тебінгі енді тебінсем,
Барымды салып ортаңа,
Айтарымды айтып төгілсем.
Қамшыламасаң саған серт,
Шаба алмасам маған серт,
Айтыспай кейін шегінсем.
несіне қазақ боп тудым,
Бір қырғыздан жеңілсем.
Аалы деген сенбісің,
Алатаудың қырғызы.
Айғайлап жүрген сыртымнан,
интернеттің жұлдызы.
Бүйіріңе бүгін қадалар
ринаттың тіл-бізі.
Бастасам айтысты жолымен,
түгендеп оңын, солымен.
Қандай ақын болсаң да,
сөйлеген дұрыс жөнімен.
Басымен әркім көтерер
істеген ісін қолымен.
мен олай айтқан жоқпын деп,
Кете алмассың безіне.
Картаны ашып қарасаң
Қазақ деген ел жоқ деп,
Айтқанға бола ма төзуге.
Берілмей артық сезімге,
осынау туған жерімде
сүйегіңді үгітіп жіберем,
егер де салсам тезіме.
«сұрап алған ауруға


250
Қазақ өнерінің антологиясы
ем жоқ» деген қазақта 
Ал, өз обалың өзіңе.
Аалы:
Жырымның басы бісміллә,
Келіпсің халқым сіз мында.
Айтыстың басы-бісміллә,
Ардақты халқым біз мында.
манадан бері барлығың
мына ринаттың жырын ұқтың да.
Боксқа шық деп менімен,
Жұлқынып ринат шықтың да.
мен а дегенде шабысқалы келмедім,
мен қонақпын, бірінші
Құттықтау сөзін ұққын да.
Ассалаумағалейкүм,
Алланың сүйген құлдары.
Армысыздар, тәуелсіз
Алты Алаштың ұлдары.
мына келген басымыз, нұраға
Астананы нұрлады.
Және де моңғолия
Қырғыз бенен Қытайдан,
өзбектен де бұл жаққа
Ақындардың барлығын
дәл осы Астанаға жинады.
Ақындар бастап бірінші
Айбек Қалиевтар жырлады.
Артынан шығып бізге ұқсас
Аалы қарап тұрмады.
Қазақстанға назарбаевты
Құдайым берген сый қылып.
Жалған емес қой бұл-дағы.
Ал енді, тәуелсіздік күніне
назарбаев ағамыз
Қазаққа Астананы сыйлады.
Жүрсін аға, білесіз,
Қазақ пенен қырғыздың


251


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет