181
мед пайғамбарға дейінсәнады осылайша көпшіліктің риуаят етуімен үзілместен
жалғасып жеткен хадис. Мутәуәтир хадис бүкіл діни істерде, ақидада, фиқһта және
т.б. ілімдерде бұлтартпас дәлел ретінде қабыл етіледі. Мутәуәтир хадистің екі түрі
бар: 1) يظفللا رتاوتملا мутәуәтир лафзи, яғни сөзбе-сөз мутәуәтир. Мутауатир лафзи
хадистің мәтінін барлық рауилер бірдей сөзбе-сөз риуаят етеді. Мысалы: «بذك نم
رانلا نم هدعقم أوبتيلف ادمعتم يلع» «Кімде-кім әдейі менің атымнан жалған сөйлесе, ол өз ор-
нын тозақтан дайындай берсін» деген хадисті Мұхаммед пайғамбардан жетпістен
астам сахаба, олардан жүздеген тәбиғиндер риуаят еткен. 2) يونعملا رتاوتملا мутәуәтир
мағнәуи, яғни мағыналық мутәуәтир. Рауилердің барлығы риуаят еткен хадистің
сөздері әртүрлі болғанымен бір мағынаны береді. Мысалы, дұға оқыған кезде екі
қолды көтеру. Мұхаммед пайғамбардан әртүрлі жағдайларда дұға оқыған кезде екі
қолын көтерді деген мағынаны беретін жүзге тарта хадис келген. Бұл хадистердің
әрқайсысы
мутауәтир емес, бірақ барлық риуаяттарды қосқан кезде «Пайғамбар
дұға оқыған кезде екі қолын көтерген» деген ортақ мағына шығады. Сол сияқты
Пайғамбардың айды екіге бөлгендігі туралы хадистерде мутауәтир мағнәуи дәре-
жесіне жетеді.
Достарыңызбен бөлісу: