176
дисті риуаят етуші екінші адам рауидің сөзін
Пайғамбардың p сөзі деп ойлап, Пай-
ғамбардың
сөзіне қосып риуаят етсе, оны «мудраж» деп атайды. Оны екінші бір
жолмен жеткен (сәнәдпен) хадис арқылы немесе рауидің өзі баян етуімен біледі
немесе осы ілімнің ғалымдары оның мудраж екенін айтып кетеді. Мудраждың екі
түрі бар: Мәтіннің мудражы жәнесәнадтың мудражы. 1)сәнадтың мудражы. Рауи
хадистіңсәнадын айтып келе жатып, қосымша бір сөзді айтса, оны тосыннан естіп
қалған бір адам сол сәнадтың мәтіні екен деп ойлап, риуаят етеді. Бұл сәнадқа ен-
гізілген мудраж. 2) Мәтіннің мудражы. Яғни хадис мәтінінде, қосымша сөздердің
кездесуі.
Мудраж мәтіннің басында, ортасында немесе соңында келуі мүмкін.
Мудтариб برطضم – хадистің дәрежелері бірдей бір-біріне қарама-қарсы бір-
неше риуаятпен келуі. «Мудтариб» сөзі «идтариб» масдарынан (түбірінен) алынған
туынды сөз. Ол «қобалжу», «абыржу», «айну», «жалтақтау» деген мағыналарды
береді. Егер мудтариб болып келген екі риуаяттың бірін екіншісінен күштірек екен-
дігін анықтай алса, үкім сол күшті риуаятқа сүйенеді. Ал егер екі риуаяттың қай-
сысы күштірек екендігін анықтау мүмкін болмаса, ол екі риуаят та дағиф хадис деп
есептеліп, екеуі де дәлел болуға жарамсыз деп табылады. Мудтариб кейде сәнадта,
кейде мәтінде кездесуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: