Мухитдинов на печать indd


Мужәссәмә ةمَّسجم – қараңыз: масбура. Мужәссимә



Pdf көрінісі
бет133/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   200
Байланысты:
ИСЛАМ ТАРИХЫ

Мужәссәмә ةمَّسجم – қараңыз: масбура.
Мужәссимә (мужассима) ةمِّسجم – Аллаһ тағаланың сипаттарын адамдардың 
және басқа да жаратылыстардың сипаттарына ұқсатушы адасқан ағым.
Мужтаһид – Құранға, хадиске және шариғаттың басқа да дереккөздеріне 
сүйеніп, өзінің білімімен ижтиһад (ізденіс) жасап үкім шығара алатын ғалым. Қара: 
ижтиһад.
Музәбәнә (музабана) ةنبازم – сауда-саттықтың бір түрі. Онда тауардың сал-
мағы өлшенбей, үйме күйінде салмағы өлшенетін жеміске сатып алуға болады. 
Бұған шариғат тыйым салған. Мысалы, жүзімді мейізге, рутабты (шағында тұрған 
жаңа піскен құрма) кепкен құрмаға сату. Яғни ағаш басындағы жемісті кептірілген 
және салмағы өлшенетін жеміске айырбастау. 
Муздалифа (муздәлифә) ةفلدزم – Арафат пен Мина арасындағы таулы жердің 
атауы. Ол жерде қажылар зул-хижжа айының тоғызынан онына қараған түні түнеп 
шығады немесе түннің басым бөлігін өткізеді. Ол «Жамғ» және «әл-Машғар әл-ха-
рам» деп те аталады. Барлық мазһабтарда Муздалифада кем дегенде бірнеше минут 
тұру уәжіп деп есептеледі. Ханафи мазһабында Муздалифада тұратын уақыттың 
уәжіптігі таң атқаннан күн шыққанға дейін созылады. Осы аралықта бір мезет бол-
са да Муздалифада аялдау керек.


177
Мукаррама. Құрметті, сыйлы. Бұл сөз діни мәтіндерде Мекке қаласының си-
паты ретінде қолданылады.
«Қажылар, барған жерің Маккаи мукаррама
Екінші Мәдинаи мунаууара. 
Ішінде бұл жиһанның абзал орын
Жаратқан абзал қылып хақ тағала» (Ақан Сері Қорамсаұлы). 
Мукатаба (мукәтәбә) ةبتاكم – құлдың қожайынмен жасалатын құлдықтан өз-
өзін азат ету төлемінің мөлшері мен мерзімі және төлем шарттары көрсетілген жаз-
баша келісімі.
Мукатаб (мукәтәб) بَتاكم – қожайынымен құлдықтан азат болу үшін белгілі 
құн төлеуге келіскен құл.
Муқим. Жолаушы емес, тұрғылықты адам. Бұл термин шариғаттың «Намаз» 
тарауында қолданылады. Ислам шариғаты бойынша, муқим, яғни тұрғылықты адам 
намаздарын толық оқиды, ал мусафир, яғни жолаушы адам төрт ракағатты парыз 
намаздарын екі ракағатты қылып қысқартып оқиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет