Мухитдинов на печать indd


Тәмлик كيلمتلا – зекет ретінде шығарылған байлықты толығымен зекет алатын  адамның иелігіне, меншігіне өткізу. Тәңір



Pdf көрінісі
бет176/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   200
Байланысты:
ИСЛАМ ТАРИХЫ

Тәмлик كيلمتلا – зекет ретінде шығарылған байлықты толығымен зекет алатын 
адамның иелігіне, меншігіне өткізу.
Тәңір. Құдай. Түркі халықтарында Құдайды «Тәңір» деп атаған. Талапты 
туған жігітке Тәңірім қайғы бермесін Алтыннан соққан кеудесі Ат басындай шер 
табар! (Батырлар жыры).
Тәпсір ريسفتلا – Құран аяттарының түсіндірмесі. 
Тәпсірлеу – түсіндіру.Құран сүрелері мен аяттарына түсіндірме жасау.
Тәпсірші – тәпсір ғылымымен айналысушы адам. Құран сүрелері мен аятта-
рын өзгелерге түсіндіріп беретін ғалым.
«Тәпсірші, дінші сопының кітабын да оқыдым.
Тазартып талай қоқымын,


228
Түзеттім дінді шалыстан» (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).
Тәрәссул لسرتلا – азанның әр сөйлемінен кейін бір сәт тоқтау.
Тәрк ету – тастау, безу, баз кешу.
Тәркі дүние. Дүниеге қызықпау, дүниені тәрік ету. Араб тіліндегі ايندلا كرت 
«дүниені тәрік ету» деген тіркестен алыған. Бұл термин көп жағдайда дүниеге қы-
зықпай, байлық жинамай, өмірі құлшылыққа арнаған тақуа адамдарға қатысты қол-
данылады. 
«Бірақ әулиелердің де бәрі бірдей тәркі дүние емес еді, ғашәрән-мүбәшәрадан 
қазрет Ғосман, Ғабдурахман бин Ғауф уа Сағид бин Әбудқас үшеуі де үлкен байлар 
еді» (Абай, Тол. жин.).
Тәруия күні ةيورتلا موي – қажылардың зул-хижжа айының сегізінші күні. Қажы-
лар осы күні Минаға барып, онда түнейді.
Тәсбих حيبستلا – Аллаһты ұлықтап, оны кемшіліктен пәктеу. «Субхана Аллаһ» 
(Аллаһ кемшілік атаулыдан пәк) деп айту. 
Тәсбих айту – «Субханаллаһ» деген сөзді айту, Аллаһты дәріптеу.
Тәслим ميلستلا – намазды аяқтаған кезде оңға және солға сәлем беру.
Тәсмия ةيمستلا – «Бисмилләһри-рахманир-рахим» деп айту.
Тәубе ةبوتلا – істегеніне өкініш білдіріп, күнәдан қайту, Аллаһтан кешірім 
сұрау, пенденің Аллаһқа жек көрінішті нәрселерден жан-тәнімен бас тартып, Ол 
жақсы көретін нәрселерге жан-тәнімен ұмтылуы. 
«Бес ауыз сөз айттым деп
Мақтандың тілім сен неге? 
Қой, көмейім тәуба қыл
Асылық қылма Иеге» (Шортабай ақын// Бес ғасыр.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет