227
нәрсе тәкуин емес. Жарату да Алла тағаланың сипаты, ол – хадис емес. Рахма (мейі-
рімділік), ихсан (жақсылық жасау), ризқ (ризықтандыру) және мағфира (кешіру)
сынды ісіне қатысты сипаттардың барлығы Оның әзәли сипаты болып есептеледі.
Ал, Әшғари мәзһабында Алла тағаланың ісіне қатысты бұл сипаттар ғылым, хаят
сияқты зәти қадим сипатына жатпайды» деп, екі мәзһаб арасындағы айырмашылық
бір мәзһабтың «тәкуин» сипатын Алланың әзәли сипатына жатқызса, екінші мәзһаб-
тың Алланың зәти қадим сипатына жатпайды деумен
ерекшеленетінін сөз етеді
(С.Оқанұлы, http://mazhab.kz).
Тәлбия ةيبلتلا – қажылық және умра кезінде миқаттан бастап, Қағбаны көрген-
ге дейін айтылатын дұға. Айтылуы: «Ләббәйкә Аллаһумма, ләббәйк! Ләббәйкә, лә
шәрикә ләкә ләббәйк! Иннәл-хамдә уән-ниъмәтә ләкә уәл-мулкә! Лә шәрикә ләк.
Мағынасы: Құзырыңдамын, уа, Аллаһ, құзырыңдамын! Сенің серігің жоқ, құзы-
рыңдамын. Расында, мадақ пен
игілік және иелік Саған тән, Сенің серігің жоқ.
Тәліп. Діни білім алушы. Араб тілінде «талиб»
сөзі қазіргі кезде жоғарғы
оқу орнында оқитын студенттерге қолданылады. Орта ғасырларда барша білім ізде-
нушілер «талиб» деп аталған. Қазақ әдебиетінде «тәліп» сөзі молдадан, медреседен
тәлім алатын шәкірттерге қолданылған.
«Нұсқасыз
сөзім жоқ еді,
Қарасаң молда тәліптер.
Осы сөзім ғазалдан» (Базар жырау).
Тәмәттуғ (таматтуғ) عتمتلا – қажылықты өтеудің бір түрі. Онда алдымен умра
жасап, одан кейін ихрам халінен шығады. Одан кейін
қажылық уақытына дейін
оған ихрам кезінде тыйым салынатын барлық нәрселер рұқсат етіледі. Қажылық
уақыты басталғанда қайтадан ихрамға кіріп қажылығын жалғастырады.
Достарыңызбен бөлісу: