233
«Құдайдан
сол уақытта уахи жеткен,
Кешірдім үммәтіңді күнә еткен.
Нахақтан
кісі өлтірген кешілмейді,
Зорлап алып кісі ақысын ренжіткен» (Ақан Сері Қорамсаұлы).
Уәди يدولا – жыныстық мүшеден күшенген кезде, кіші дәретке отырғаннан
кейін бөлінетін қою ақ сұйықтық. Зурға Әбу Абдур-Рахман: «Ибн Аббастың (Аллаһ
әкесі екеуіне разы болсын): «Мәни, мәзи және уәди. Мәни болса, одан ғұсыл алу
керек, ал уәди мен мәзи болса, жыныстық мүшеңді жу және намазға дәрет алғандай
дәрет ал», – деп айтқанын естідім», – деген (Сунән әл-Байһақи).
Уәжіп بجاولا – шариғатта істеуге міндетті, істемесе – күнә істесе сауап алатын
істер. Парыздан айырмашылығы – ол істі мойындамаған адам діннен шықпайды.
Ал парызды мойындамаған адам діннен шығады. Кез келген құлшылықтың парызы
өтелмесе, ол құлшылық
дұрыс емес деп есептеледі, ал
уажібі орындалмаса, жа-
саған
құлшылығы дұрыс, бірақ орнын толтыру керек болады. Мысалы,
егер на-
маз оқушы намаздың уәжіптерінің бірін жаңылысып немесе ұмытып орындамаса
намазы бұзылмайды, бірақ намаз соңында міндетті түрде сәһу сәждесінжасайды.
Қажылықтың уәжібін орындамаған адам құрбандық шалады.
Достарыңызбен бөлісу: