Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет29/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   200
Байланысты:
ИСЛАМ ТАРИХЫ

Ахуал шахсия. Ахуал шахсия ةيصخشلا لاوحلأا – фиқһ ғылымының адамдар ара-
сындағы үйлену, ажырасу тәрізді азаматтық істерді зерттейтін саласы. Бұл ғылымда 
ислам дініндегі отбасы қарым-қатынастарын реттеу жолдарын, отбасының құру 
жолдары мен талаптарын, отбасын бұзуға тыйым салатын шарттар мен оны бұзуға 
рұқсат етілетін жағдайларды, бала тәрбиелеу мен асырап алу мәселелері үйретіледі. 
Ахун. «Ахун» сөзі – қазақ тіліне парсы тілінен енген кірме сөз.Қазақ тілінің 
он бес томдық әдеби сөздігінде «ахун» сөзінің қазақ тіліндегі екі түрлі мағынасын 
берген. 1. Діни сауаты бар адам, мұсылмандық діни лауазым, муфтиден кейінгі атақ. 
«Даруға сайын бір-бір ахун ғана қалдырылып, оларға ел арасында Мұхамет 
дінін таратуға, жаңа мешіт, медресе салуға рұқсат етілмейді» (Ә.Кекілбаев, Шығ.). 
«Указной молланың хилаф ісін, 
Әлбетте, оязной ахун тексерсін» (М.Дулатов, Шығ.). 
«Қазақтың өзіне арнап жеке мүфтилік бере қалса, мүфти, қазы, имам болар-
лық молдалар табылар ма?» (А.Байтұрсынұлы, Жаңа низам). 
2. Үлкен ғалым, зиялы адам. Әбдірахман ахун үлкен медреседе дәріс берген 
адам еді (Б.Өтебеков, Ауғ. қаз. тілі. ерекшелік.). 
«Бұл келген кісі үлкен ахун болып шықты» (Қаз. тілі. диалек. сөздігі).
«Ал енді сол ахун деген кім? Қысқа ғана айтатын болсақ алымдардан қол 
алып (икзам) әр саланың ғалымы, ағартушысы атанып, елді рухани дамытып, сауат 
беріп, һақ дініміздің қайнар көзіне айналған жан» (С.Алдашев, https://abai.kz). 
Қазақ тіліндегі «ахун» сөзіне жасалған анықтамардан және ол сөздің мәтін-
дердегі қолданысынан «ахун» деген шариғат заңынан хабары мол, дәріс беріп, ел-
дің діни мәселелерін шешуге атсалысатын ғалымға қолданылатын термин екендігін 
түсінеміз. 
Әл-Ашара әл-мубашшаруна бил-жәннә ةنجلاب نورشبملا ةرشعلا – жаннатпен сүй-
іншілендірілген он сахаба. Мұхаммед пайғамбардың көзі тірісінде ол сахабаларды 
жаннатқа кіреді деп сүйіншілендірген. Олар: 
1. ركب وبأ Әбу Бәкір (13 һ).
2. باطخلا نب رمع Омар ибн әл-Хаттаб (23 һ).
3. نافع نب نامثع Осман ибн Аффан (35 һ).
4. بلاط يبأ نب يلع Али ибн Әбу Талиб (40 һ).
5. الله ديبع نب ةحلط Талха ибн Убайдуллаһ (36 һ).
6. ماوعلا نب ريبزلا әз-Зубайр ибн әл-Ауам (36 һ).
7. صاقو يبأ نب دعس Сағд ибн Әбу Уаққас (55 һ).


42
8. ديز نب ديعس Сағид ибн Зайд (51 һ). 
9. فوع نب نمحرلا دبع Абдур-Рахман ибн Ауф (32 һ). 
10. حارجلا نب رماع نب ةديبع وبأ Әбу Убайдата ибн Амир ибн әл-Жаррах (18 һ). 
Ашғария. Ашғария ةيرعشلأا – Аллаһ тағаланың сипаттарына тәуил жасайтын 
ислам дінінің көпшілік ғалымдары ұстанатын ақидадағы әһлу әс-суннә уа әл-жа-
маға жолы. Бұл жолдың негізін имам Әбу Муса әл-Ашғари салған. Әбу әл-Хасан 
әл-Ашғари бастапқыда муғтазила бағытын қолдаған, кейіннен бұл жолдан бас тар-
тып, муғтазилилердің пікірлерін ғылыми сынның астына алған. Ашғари мектебін-
де Құран аттары мен Мұхаммед пайғамбардың хадистерінде келген «келу, түсу, 
разы болу, көтерілу» сияқты муташабиһ аяттарға тәуил жасап, олардың мағынала-
рын түсіндірген. Сахабалар, яғни алдыңғы 3 ғасыр адамдары қалай түсінсе кейін-
гілерге солай түсіндірген. Ислам дінінің аясының кеңеюіне байланысты Вавилон, 
Византия, Иран, Үндістан, Қытай пәлсапа мектептері Ислам мемлекетіне кіре 
бастаған. Сол кездегі жат көзқарастар мен исламда жаңадан пайда болған ағымдарға 
қарсы алғашқы 3 ғасырдағы сәләф салихтардың көзқарасын логикалық, кәләм 
тұрғысынан түсіндіріп, исламның негізгі қағидалары мен сенімін қызғыштай 
қорғап қалған. Ашғария мектебі мен Матуриди мектептері әуелгі 3 ғасырдың ұста-
нымдарын жат ағымдардан қорғап, шәкірттері арқылы біздің заманға жеткен ең 
үлкен «Ақида» мектептері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет