Ауыз бекіту дұғасы. Сәресі ішіп болғаннан кейін ертесіне ораза ұстау мақ-
сатында жасалатын дұға. Шариғатта бұл дұғамен ауыз бекіту шарт болмағанымен,
ауыз бекітуді ниет еткен уақытта осы дұғаны жасауға болады. Оқылуы: «Нәуәйту
ән асумә саумә шәһра рамаданә мин әл-фәжри илә әл-мағриби халисан лилләһи
таъалә». Мағынасы: «Таң атқаннан күн батқанға дейін Аллаһтың ризалығы үшін
рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім».
Ахи. Бауыр. Қазақстанға Тәуелсіздік алғаннан кейін арабтілді уағызшылар
арқылы енген ауызекі тілде ғана қолданылатын сөз. Араб тілінде يخأ «ахи» сөзі
«менің бауырым», «бауырым» деген мағынаны береді.
Ахирет. «Ақырет» сөзінің варианты. Негізі, қазақ тілінде араб тілінен енген
сөздердің бірнеше жазылу және айтылу варинаттары кездеседі. Мұның басты се-
бебі қадим жазу мен төте жазуда араб тіліндегі түпнұсқасында жазылып келген араб
сөздері ауыз-екі тілде әртүрлі дыбысталатын болған. Кейіннен кирилл графикасына
көшкен кезде ол кірме сөздер әртүрлі вариантта айтылғандықтан әртүрлі жазылып
кеткен. Мысалы, ақымақ, ахмақ, шейіт, шәһит; мазһаб, мәзһәб, мазхаб. Сондай сөз-
дердің бірі: ақырет, ақірет, ахирет.
«Көнген жаным жазаға, қазаға да,
Өкпелеме сен енді жазалама.
Шын болса табысармыз ахиретте,
Әзірше, жаным, мені мазалама» (М.Мақатаев, Шығ.).
«Билер пара жемеңдер,
Жалғанды жолдас демеңдер,
Ахирет қамын іздеңдер
Жалған бетті кезбеңдер» (XVIII-XIX ғғ. қаз. ақын. шығ.).
«Шарттарын исламның кәміл білсең,
Ахиреттік азық берер шын ғылымың» («Қаз. әдеб.»). Қара: ақырет.
40
Ахком. Қазақ тілінің он бес томдық сөздігінде «ахком» сөзіне былайша анықта-
ма берілген: мұсылманшылық құқықта, қоғамдық және азаматтық қарым-қатынаста
міндетті түрде сақтап, орындауға жататын заң, жарлық пен шешімдер жиынтығы. =
Ахком қағидасы бойынша. Араб тіліндегі مكح хукм (үкім) сөзінің көпше түрі – ماكحأ
ахкәм (үкімдер). Бұл сөз қазақ тіліне араб тілінен парсы тілі арқылы кірген болуы
мүмкін. Өйткен парсы тілінде мад (созылмалы) әріппен келген араб сөздері парсы
тілі заңдылықтарына сай жуан оқылады. Сонда парсы тілінде «ахкәм» сөзі «ахком»
болып дыбысталады. Сол парсы тілінің әсері осы сөзде анық байқалып тұрғандай.
Жалпы қазақ тіліндегі парсы тілі арқылы енген араб сөздерінде парсы тілінің эле-
менттері байқалып қалып жатады. Мысалы, «мұсылман» сөзі. Ол арабтың «мус-
лим» және парсының «ан» сөздерінен құралған немесе «бейәдеп» сөзі парсының
болымсыздықты білдіретін «бей» және арабтың «әдәб» сөздерінен құралған. Бұл
кеңес үкіметі тұсында қазақ тілінің актив қорыннан шығып қалған сөздердің қата-
рына жатады. Алайда тәуелсіздік алғаннан кейін ауыз-екі тілде қайта қолданысқа
ене бастады. Әсіресе фиқһ, ислам құқығы саласында жиі қолданылады. Дегенмен
жазба әдебиеттерде сирек қолданылады. Оның орнына осы сөздің қазақ тіліндегі
жекеше түрі «үкім» сөзіне қазақ тілінің «дер» көптік жалғауын қосу арқылы жа-
салған түрі жиі қолданады. «Фиқһ» сөзі араб тілінде «түсіну», «терең ұғыну» деген
мағыналарды береді. Ал діни термин ретінде ол – шариғат үкімдерін дәлелдерімен
зерттейтін ғылым (Р.С. Мухитдинов, Фиқһ әл-ғибадат).
Ахлақ. Адамдардың белгілі бір қоғамға тән мінез-құлық, адамгершілік нор-
маларының жиынтығы (Қазақ әдеби тілінің сөздігі). قلاخأ «ахлақ»сөзі араб тілінде
قلخ «хулқ» (мінез, мінез-құлық) сөзінің көпше түрі.
«Абайдың ахлақ, адамгершілік туралы айтқан мағынасы терең, үлгі сөздері
кемшіліктің мінезін тәрбиелеп, ақыл көзінің ауданын кеңейтпек» (Ж.Аймауытов,
Шығ. жин.).
«Құран ахлағының негізін сүйіспеншілік пен тақуалық, бейбітшілік пен мей-
ірімділік құрайды» («Түркістан»).
Ислам дініндегі ғылымдарды үлкен үш салаға бөліп қарастырады. Олар:
ақида (сенім), шариғат (мұсылмандық құқық) және ақлақ (этика). Ислам дініндегі
адамгершілік нормаларды зерттейтін сала «ахлақ» деп аталады.«Ахлақ» сөзі қазақ
тіліндегі жұрнақтардың жалғануы арқылы жаңа мағыналарға ие болған. Мысалы,
«ахлақсыздық» және ақлақты» сөздері.
«Ахлақсыздық – қандай да бір қоғамда, әлеуметтік ортада қалыптасқан руха-
ни құндылықтардың құнсыздануы» (Қазақ әдеби тілінің сөздігі).
«Ахлақты адам көбейсе, Отанның күзетшісі, қорғаны болмақ»
(Ж.Аймауытов, Шығ.).
Ахмад. Ахмад دمحأ – Мұхаммед пайғамбардыңесімдерінің бірі. Ол «мақтауға
лайықты» деген мағынаны білдіреді. Мұхаммед пайғамбар өзінің бірнеше аты бар
екендігін айтқан. Солардың бірі – Ахмад. Қазақ тілінде «Ахмет» деп қолданылады.
Мұхаммед пайғамбардың бұл аты Құран кәрімде де келген.
41
(Уа, Пайғамбар! Есіңе ал!) Сол кезде Мәриямұлы Иса: «Уа, Исраил ұрпақта-
ры! Расында, мен сендерге (жіберілген) алдымдағы Тәуратты растаушы әрі өзімнен
кейін келетін Ахмад есімді елшімен [Мұхаммед пайғамбармен] сүйіншілеуші Ал-
ланың елшісімін», – деген-ді» – десті («Сафф» сүресі, 6-аят).
Ахнаф. Ахнаф فانحأ – ханафи мазһабын ұстанушылар. «Ахнаф» араб тілінде
«ханафи» сөзінің көпше түрі. Бұл фиқһ ілімінде жиі қолданылатын термин сөз.
Достарыңызбен бөлісу: |