Әс-Сәләму аләйкум مكيلع ملاسلا – «Сіздерге сәлем болсын» деген мағынаны
білдіретін мұсылмандардың сәлемдесу сөзі.
Әулие. ءايلوأ«әулие» сөзі араб тіліндегі يلو «уәли» сөзінің көпше түрі. Ол араб
тілінде «жақын» деген мағынаны береді. Ислам дінінде Аллаһқа жақын тақуа, діни
талаптарды толық сақтайтын, күнәлардан бойын аулақ ұстауға тырысатын, ақырет-
ті бұ дүниеден артық санайтын, өмірін ақыретімен байланыстырған адамды «уәли»
деп атайды. Қазақ тілінде араб тілінен көпше түрде еніп, жекеше түрде қолданы-
латын бірнеше сөз бар. Сол сөздердің бірі осы «әулие» сөзі. Ол қазақ тілінде ерек-
ше діндарлығымен, дін жолына кіршіксіз берілгендігімен Алланың разылығына,
халық сеніміне ие болған, қасиетті, өлгеннен кейін де рухы биік саналатын адамға
қолданылады. Діни әдебиеттерде «әулие» Аллаһтың сүйікті құлдарына жиі қолда-
нылады және әулиелердің кереметі болады деп саналады.
«Құран мен хадисте «уәли» және «әулие» есімі Аллаһтың сүйікті пенделері,
құлдары, достары деген ұғымды білдіреді» (С.Сейтбеков, Иман негіздері).
Қазақтың жыр-дастандарында, аңыз-әпсаналарында бұл сөз жиі кездеседі.
«Сол күні раузаға қонып жатты,
«Қылғай, – деп, – қуанышты сапар жолды!»
Сол түні бір әулие түсіне еніп,
Түсінде халифаға аян берді» (Ә.Найманбаев, Шығ.).
«Әулие» сөзі қазақ тілінде ауыспалы мағынада киелі, қасиетті жерлерге де
қолданылады.
«Бұл белгілеріне қарағанда, сонау арғы дәуірінде арадан көшіп жүрген елдер
бұл атырапты әулиелі жер санаған» (І.Есенберлин, Шығ.)..
Әулие-әнбие. Араб тіліндегі «әулие» (жақын) және «әнбие» (пайғамбар)
сөздерінен құрылған. Қазақ тілінде Құдай жолында жүретін, шынайы құлшылық
ететін, жамандық атаулыдан бойларын аулақ ұстайтын пайғамбарлар мен әулиелер-
ге және таза момын-мұсылмандарға қолданылады. Қара. Әулие және әнбие.
Әумин. Дұға жасап, бата қылу үстінде және бата жасап болғаннан кейін бет
сипар кезде айтылатын «қабыл ет» деген мағынаны беретін дұға сөзі.
«Батасын баба берер ед,
«Әумин» десіп қалайық,
Азамат сапар шегер ед,
Қарасы жауға молайып» (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ). Қара: әмин.
Әурет. ةروع «әурет» сөзі араб тілінде «нақыс», «кемшілік» және «олқылық»
деген мағыналарды береді. Шариғатта: адамның жабуы міндетті және оған қарау
харам етілген дене мүшелері. Әурет екіге бөлінеді: «аура муғаллаза» (ауыр әурет,
яғни екі ұятты жер) және «аура хафифа» (жеңіл әурет, яғни кіндік пен тізенің ара-
сы). Аура муғаллазаның дирһам көлеміндей (қазіргі жүз теңге көлеміндей) жерін
көрсетуге, ал аура хафифаның төрттен бірінен артық ашуға тыйым салынады.
57
Қазақ тілінде жалпы адам денесіндегі ұятты жерлер «әурет» деп аталады.