Мухитдинов на печать indd


Әлімсақ. Қара. Әлмисақ.  Бақытжанның «таптым» деген логикасы бұлар үшін әлімсақтан белгілі қара- пайым нәрсе (О.Бөкеев, Таңд.). Әмәлік



Pdf көрінісі
бет38/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   200
Байланысты:
ИСЛАМ ТАРИХЫ

Әлімсақ. Қара. Әлмисақ. 
Бақытжанның «таптым» деген логикасы бұлар үшін әлімсақтан белгілі қара-
пайым нәрсе (О.Бөкеев, Таңд.).
Әмәлік. Амалиқ. Пайғамбарлар қиссаларында кездесетін ірі денелі ежелгі 
халық. Әмәлік Таураттағы (Библия) «амалекитян» ұғымынан шыққан, бірақ әртүрлі 
аңыздардағы этникалық топтарға да жатқызылады. Хиджаз бен Иеламдағы араб-
тарды Худ пайғамбар билеп тұрған дәуірінде оларды ертедегі арабтардан қолданған 
деп түсіндіріп, оларды «нағыз арабтар» деді (Ислам энциклоп.).
Әмәнту. Аманту. Амәнту. Араб тіліндегі «мен иман келтірдім» деген тірке-
стен алынған. Қазақ тілінде ислам дініндегі сенімнің басты алты тірегін: Аллаһ 
тағалаға, Оның періштелері мен пайғамбарларына, елшілеріне түсірген кітаптарға, 
Ақырет күніне және тағдырдың жақсылығы мен жамандығына иман келтіруді топ-
тастырып «әмәнту» деп қолдану бар. 
«Сіз «Әмәнту билләһи кәмаһуа би әмсайһи уасифатиһи» дедіңіз. Ол есім 
Аллалар һәмма ол Алла тағаланың фиғыл ғазимләрінің аттары, олардың мағына-
сын біл» (Абай, Тол. жин.).
Әмбие. Қара. Әнбие. Пайғамбарлар, нәбилер. Қонақ енді әулие, әмбие, саха-
балар қауымының құлағын тыншытып, беріге, мына екі аяғымен жер басып жүрген 


54
жұмыр басты пақырларға ауысты (Ә.Кекілбаев, Дала.).
Әммә баъд دعب امأ – содан кейін. Бұл тіркес сөз бастағанда Аллаһқа мадақ, 
Мұхаммед пайғамбарға салауат айтып, Аллаһты еске алғаннан кейін сөздің негізгі 
тақырыбын бастау алдында айтылады. Көп жағдайларда уағыз-хутбаларда қолда-
нылады.
Әмин نيمأ – «Уа, Аллаһ! Дұғамызды қабыл ет» деген сөз. Бұл сөз дұға жа-
салғанда намазда «Фатиха» сүресін оқығаннан кейін айтылады. 
«Мынау жатқан шұбар ту, саған белгі, 
«Түгел!» деп шап соңыңа ерт қалың елді, 
Ықылас таза батамды мен берейін, 
Қолыңды жай «әмин» деп, жүгін енді» (Б.Майлин, Таңд.). 
«Иләһи әмин, тәңіріңнің құлағына шалынғай... Өмірлі бол, ұлым!» 
(Ә.Сәрсенбаев, Теңіз.).
Әмир. Әмір. Басшы.Әмир ريمأ – мұсылман мемлекеттерінде ел басқаратын 
адамға берілетін лауазым. Кейде бір ғылым саласы бойынша, танымал болған ға-
лымдарға да қолданылады.Ең алғашқы бұл лақап Омар ибн әл-Хаттабқа берілген. 
Ол Әбу Бәкір қайтыс болғаннан кейін ислам халифатының басшысы болып сайла-
нады. Сонда оны адамдар «әмир әл-муминин» (мүміндердің әміршісі) деп атаған. 
Мұхаммед пайғамбардың өсиеті бойынша, бір топ адам сапарға шығатын болса не 
бірге бір істі атқаратын болса, өзараларынан бір адамды басшы сайлап алулары ке-
рек. Сол басшы да «әмир» деп аталады.
Әмір رمأ – бұйрық, әмір. Шариғатта бұйрық райында келген етістіктер әмір 
ретінде, яғни оларды орындау міндет деген мағынада көп қолданылады. 
Әл-Әмір бил-мағруф уа ән-нәһи ан әл-мункар. Әмір мағрұп. Жақсылыққа 
шақырып, жамандықтан қайтару. Ислам дінінде адамдардың қоғам алдындағы мін-
деттерінің бірі – адамдарды жақсылыққа шақыру және жамандықтан қайтару. Бұл 
қоғамның барлық мүшелері атсалысатын амал ретінде саналады. 
«Айтпаққа әмір мағрұп шықпасам да, 
Бекер ме бірадарлық сөз айтпағың? 
«Әуелі өзіңді біл!» деп айтыпсың, 
Сөзінен көрсетіп жол хикаяттың» (Айтыс). 
«Төрелік оқиғасын діннен шығу ретінде қабыл еткен харажиттер өздеріне 
«әмір бил-мағруф уә нәһи анил-мункәрді» (жақсылыққа шақырып, жамандықтан 
тыю) негізгі қағида етіп ұстана отырып, өз араларында да айтысып қалатын» 
(Е.Қалмахан, Ислам ақидасы). 
Ислам дініндегі бұл қағиданың негізі Құранда келген.Сендер (уа, мұсылман-
дар) адамдар үшін шығарылған үмбеттің ең қайырлысы болдыңдар: ізгілікке бұй-
ырып, жамандықтан тыясыңдар, Аллаға сенесіңдер («Әлі Имран» сүресі, 110-аят).


55
Әнбие. Әнбия. Пайғамбарлар. «Нәби» сөзінің көпше түрі. Қазақ тілінде «ән-
бие» сөзі көп жағдайда «әулие» сөзімен бірге қолданылады. Қазақ тілінде араб тілі-
нен жекеше түрі де, көпше түрі де бірге еніп, екеуі де жекеше түрде қолданылатын 
бірнеше сөз бар. Мысалы, хақ-құқық, рух-аруақ. Сондай сөздердің бірі «нәби-ән-
бия» сөзі. 
«Қызының мына күйін көріп, Қалампыр қатты абыржыды: «Жар бола 
көр Жасаған...» деп аузына түскен әулие-әнбиелерге жағалай жалбарынды» 
(А.Хангелдин, Табыс. тағдыр.). 
«Тағдырға тәбіл болмас, тәсілім қылдым, 
Ісіңді ет одан кейін өзің білген. 
Ақына әмбе өткен әмбияның
Айтқаным иншалла болмас бөтен» (Т.Ізтілеуов, Мәрді дихан).
Әпсін. Емдік дұға, зікір, аят. «Иәсин» сөзінің өзгерген варианты болуы мүм-
кін. «Иәсин» сүресін көптеген молда адам ауырғанда дұға ретінде оқиды. Сон-
дықтан ол сүре емдік дұға деген мағынада қолданылып кеткен болуы мүмкін.
Әптиек. Орта Азия мен Қазақстан медреселерінде оқытылған оқулықтың аты. 
Ол «Муғаллим сәни» кітабынан кейін оқытылатын болған. Онда «Фатиха» сүресі, 
«Бақара» сүресінің алғашқы бес аяты, «Аятулкурси», «ИәСин» сүресі және тағы 
бірнеше қысқа сүрелер бар.
«- Шыдай тұр балам, – деді ақырындап әкесі. Екі-үш жылда әліптің ежесін 
аяқтап, сүресіне түссең, қара танып қаласың. Сосын әптиек, Құран. Одан арғысын 
көре жатармыз» (З.Ақышев, Бәрі де есте).
Оқуда мен әптиек ежесін танып, сүресіне түстім (С.Бегалин, Мектеп.).
Әрекет. Харакат. Тажуид ілімінде және араб тілінде қолданылатын термин. 
Ол дауыссыз әріптердің асты-үстіне белгіленетін қысқа дауысты дыбыстар. Олар: 
дамма, фатха және касра.
«Әрекеттер» – қысқа дауысты білдіретін белгілер. Олар әріптің үстіне не 
астына қойылады»(Абдулһәди Мақсуди, дайындаған Е.Шоқай, Мұғалім сәни).
Әруақ. Аруақ. Қайтыс болған адамның рухы. 
«Бұрынғыдай кемшілігімізді көрмей, қатемізді түземей, құр «біз де түрік ба-
ласымыз» деп атаның әруағына сүйенумен қазіргі өнер-білімнің қызу заманында 
бәйгеге қосыла аламыз ба?» (М.Дулатов, Шығ.).
Әсәр. Әсер. رثأ «әсәр» сөзі араб тілінде «ықпал», «әсер» деген мағыналар-
ды береді. Қазақ тілінде де сол мағынада қолданылады. Хадис ілімінде «әсәр» сөзі 
термин ретінде сахабалар мен табиғиндерден риуаят етілген сөздер мен амалдарға 
қолданылады. Көптеген мухаддис ғалым әсәрді хадистің синонимі деп қарас-
тырады. 
«Енді бір хадис ғалымдары хадис пайғамбардың сөздеріне ғана тән, ал басқа-
лардан келген сөздерді хабар, яки әсәр деп санаған» (Қ.Құрманбаев, Хадис ілімі). 
Қара: хабар.


56


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет