Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет45/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   200
Байланысты:
ИСЛАМ ТАРИХЫ

Бәдәл хажылық. Бәдел қажылық. Бәдәл хажылық – басқа адамның атынан 
қажылық жасау. 
Шариғатта қажылық жасауға денсаулығы жарамайтын және қайтыс болып 
кеткен адамның атынан қажылық ғибадатын өтеуге болады. Қажылық ниеті дұрыс 
болу үшін қажылықты кімнің атынан жасайтын болса, соның бұйрығымен неме-
се келісімімен бәдәл қажылық жасалады. Егер бәдәл қажылық оның рұқсатынсыз 
жасалатын болса, парыз қажылығының орнына жүрмейді (Р.С. Мухитдинов, Фиқһ 
әл-ғибадат).
Бәдәуи يودب – сахаралық мал шаруашылығымен айналысатын араб.
Бәддұға. Теріс дұға, теріс бата, қарғыс. Парсы тіліндегі دب «бәд» (жаман) сөзі 
мен араб тіліндегі اعد «дуға» (дұға, тілек) сөздерінің қосылуы арқылы жасалған сөз. 
«– Ол имамдардың, хазіреттердің бар мұсылман қауымы атынан айтқан бәд-
дұғасына, теріс батасына ұшырамай тоқтамас! – десті» (М.Әуезов, Абай жолы). 
«Бәддұға сиқыр соғып адасқандай
Келе менің жаныма жай қарасқандай. 


64
Құдайым қыңыр жолға салды мені
Өмір мен өлім қарсы таласқандай» (Н.Ахметбеков, Амангелді). 
«Қош, ана, мен келгенше болғын аман
Бәддұға қыла көрме, десең балам» (Діни дастандар // Бабалар сөзі). 
Бұл сөзді қазіргі қазақ тілінде актив сөздерге жатқызуға келмейді. Тіпті соңғы 
жылдары жазылып жүрген дін саласындағы кітаптарда да бұл сөз қолданылмайды. 
Сондықтан қолданысы аз, көнерген сөз деуге де болады.
Бәдір. Бәдір ردب – Мәдина қаласының оңтүстік-батысында 150 шақырым 
қашықтықта орналасқан жердің аты. Ол жерде һижраның екінші жылы мұсыл-
мандар мен меккелік мүшріктер арасындағы алғашқы үлкен қақтығыс болған. Сол 
соғыс «бәдір соғысы» деп аталады. 
«Ол соғыста мұсылмандардың саны үш жүз оннан астам, ал мүшріктердің 
саны мың үш жүздей болған. Аллаһ тағала сол түні Бәдірде бір жаңбыр жаудырды 
да, бұл жаңбыр мүшріктерге қатты нөсерлете құйып, оларды алға жылжытпай тас- 
тады» (ауд. Қ.Спатай. Мұхаммед пайғамбардың өмірбаяны).
Бәйт. Бәйт تيبلا – үй, баспана және бір шумақ өлең. Қағба діни еңбектерде 
«бәйт», яғни «үй» деп те аталады. Қазақ әдеби тілінің он бес томдық сөздігінде 
«бәйт» сөзін «ораза кезінде айтылатын жарапазан сарынындағы жыр, өлең» деп 
түсіндірген және діни мағынада қолданылатындығын көрсеткен. Қара: байт. Алай-
да діни әдебиеттерде бұл сөздің терминдік мағынасы жоқ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет