61
зынан қалып көрген емес» (С.Әбілқасымұлы, Оспан батыр).
Балиғат. Балиғат غولب – шариғат бойынша өз іс-әрекетіне жауап беріп, діни
парыз-міндеттерін толық орындауға кірісетін ересектік. Балиғат ер балаларда мә-
нидің ағуымен, қыз балаларда етеккірдің келуімен басталады.
Балиғатқа толу. Балиғатқа толу – адамдарға шарғи үкімдерді орындау мін-
деті жүктелетін жасқа толу. Шариғат заңы бойынша, ер бала ихтиләм арқылы, қыз
бала хайыз қанын көрумен балиғатқа толады. Біздің аймақта ер балалар шамамен
он екі жастан, қыз балалар тоғыз жастан балиғатқа толады деп есептеледі. Егер их-
тиләм болмаса және етеккір келмесе, ер балаға да, қыз балаға да һижра жыл санауы
бойынша, он бес жасынан намаз оқу және басқа да шариғат талаптарын орындау
парыз болады.
Бап. Ислам дінін таратушы уағызшылар мен ғалымдардың есімдеріне тірке-
се
қолданылып, олардың діни лауазымын көрсететін сөз.
«Сайрамда бар сансыз бап. Ең үлкені Арыстан бап» («Қазақст. мект.»).
Қара: баб.
Достарыңызбен бөлісу: